Бейсенбі, 28 Наурыз 2019 10:42

Тағылымға толы кездесу

Ұлыстың ұлы күнінде түргендіктер келелі шараның куәгері болды. Округ әкімдігі қолдап, ауыл жастары ұйымдастырып, «Grand Royal» мейрамханасында ақ дастархан жайылды. Әдеттегідей ас ішу, ықылас қылудан бөлек, танымдық кездесу орын алды. Аралас жекпе-жектен 3 дүркін әлем чемпионы,Еуразияның 2 дүркін чемпионы,Әлем Кубогының иегері,Қазақстанға еңбек сіңірген спортшы Ардақ Назаров төрден табылды, салиқалы ойларын ортаға салды. Оған қосымша айтыс саңлақтары Балғынбек Имашев, Сырым Әуезхан және Қанат Мырзахан ел алдында өнер көрсетті.

Ел тарихы, жер тарихы, ұлт болашағы турасында келелі ойын ортаға салған Ардақ Құттықожаұлы барша қауымды наурыз мерекесімен құттықтай отырып: – Тарихқа қарасаңыз, біздің халық талай рет жер бетінен жойылып кетуге шақ қалған. Сол кезде біздің арыс би-шешендеріміз бен батырларымыз қанын төгіп, жанын беріп жүріп ұрпақтарын қорғап еді. Алысқа бармай-ақ кешегі Саурық, Өтеген, Сұраншы батырлар кім үшін жанын қиды. Қалмақтар қазақтың бас көтерер еркектерін қырып тастағанда, Төле би бабамыз тыныштық үшін оларға он бес жыл бойы салық төлеп отырды. Ал өзі ауылда қалған бірен-саран еркектерге үш-төрт әйелден қосып, бала санын көбейтуге күш салды. Сол жылдары туы-лып, жалаң аяқ, жалаң бұт шауып жүрген балаларға қарап отырып, еңкілдеп жылайды екен, жарықтық. Осы балалар қашан ер жетеді, қашан атқа қонады, қашан елін жаудан қорғайды деп армандайды екен. Ал өзі тыныштықты сақтау үшін елдегі әйелдердің жүзік, сақиналарына дейін жинап алып, қалмақтарға беріп отырады екен.Енді ойланайықшы, осының бәрі кім үшін? Осылай елім деп еңіреп өткен қайран бабаларымыз өз ұрпақтарының Сіздердің жарқын келешектеріңіз үшін  қанын төкті, жанын берді. Біз соған лайықты болуымыз тиіс, – деді.

– Бүгінгі келелі кездесуге округ тұрғындарынан бөлек іргелес ауылдардан да азаматтар келді. Оған қосымша 25 аз қамтылған отбасы мүшелері де тегін ақ дастархан басынан орын алды. Билеттерден түскен қаржыны жас кәсіпкер Жанас Әділбайұлы бастаған ауыл жастары қайырымдылыққа жұмсамақ ниетте. Мен округтің басшысы ретінде жастардың осындай мақтанарлық қадам жасап, туған ауылын гүлдендіруге сіңіріп жатқан еңбектерін ерекше атағым келеді. Өзара ауызбірліктері де талайдың әңгімесінде. Шүкір, осындай елін ойлайтын, жерін ойлайтын жастар өсіп-өнуде. Біз оларды барынша қолдауға бармыз, – деді округ әкімі Бота Елеусізова.

Төрт сағатқа созылған танымдық кездесу барысында жастармен пікір алмасулар, тағылымға толы айтыс, әуезді ән, күмбірлеген күй уақыттың қалай өткенін байқатпады. Шара соңында ауыл ақсақалы Жаңаберген Мұхамедов ақ батасын беріп, жастар әлем чемпионымен естелік суретке түсті.

 Қайнар ЖҰМАҒОЖА.

Оқылды 2216 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 29, 2024

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ШАРАДАН АУДАН…

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының тікелей бастамасымен барлық…
Сәу 29, 2024

Қалпына келтіру жұмыстарын өзім…

Тасқын су жүрген өңірлерде үй-жайынан айырылған халықтың баспанасын қалпына келтірудің…
Сәу 29, 2024

Жазушы мерейтойына арналды

«Таза Қазақстан» экологиялық тазалық акциясына Райымбек ауданының тұрғындары да…
Сәу 29, 2024

«ДАНЬ ТРАДИЦИЯМ И ВОСПИТАНИЕ…

В рамках недели "Жасыл аймақ" экологической акции "Таза Қазақстан", проводимой по всей…
Сәу 29, 2024

С Днем Единства народа Казахстана

Хочу поздравить всех с Днем Единства народа Казахстана и выразить благодарность за вашу…
Сәу 25, 2024

Ел бірлігі – ел теңдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының…
Сәу 25, 2024

Савелий КАРАСАВИДИ, председатель…

На ХХХІІІ сессии Ассамблеи народа Казахстана Президент РК Касым-Жомарт Токаев отметил,…
Сәу 25, 2024

Мызғымас бірлік – алынбас қамал

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы…
Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…

Күнтiзбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет