Бейсенбі, 11 Шілде 2019 11:40

Тазалық – жастар таңдауы

Рахат ауылындағы ескерткіш маңайында «Жасыл ел» жұмыс жасағының маусымдық жұмысының бастау алуына байланысты «Тазалық – жастар таңдауы!» атты акция өтті. Оған Балтабай, Рахат, Тескенсу ауылдық округтерінің маусым айында «Жасыл ел» еңбек жасағында жұмыс атқаратын 35 жасы қатысты. Шара барысында округ әкімдігінің бас маманы  Аида Ордаханова сөз алып, жиналған жастарды жұмыс науқанының басталуымен құттықтап, белсенді болуға шақырды. Аудандық жастар ресурстық орталығынан өкілдік еткен Айдана Ақжол жұмыспен қамтылған жастарға сәттілік тіледі. Шара барысында ескерткіш маңайы тазартылып, ағаштар әктеліп, қоршаулар сырланды. 20 түп ағаш отырғызылды. Келесі акция өткізу эстафетасы Балтабай ауылының «Жасыл ел» жасақшыларына берілді.

Айжан Әбіт,

жастар ресурстық орталығының маманы.

 

****

«Үйдің тазалығы – иесіне байланысты». Ауданымыздың тазалығы əрбір тұрғынға міндет деп ойлаймыз. Күн сайын қанатын құлаштап кеңге жайып келе жатқан ауданымыздың көрікті келбетін шырайландыра түсуге кішкентай да болса үлес қосу керек. Өйткені, ауданның тазалығы – халықтың абыройы. Осыған орай, жастар ресурстық орталығының бастамасымен Балтабай, Рахат және Тескенсу ауылдық округтерінде «ECO-challenge» жастар экологиялық акциясы бастау алды.

Шараға ауылдың   белсенді жастары, «Жас Отан» ЖҚ мүшелері, жастар ісі жөніндегі әдіскер нұсқаушылар, БАҚ өкілдері қатысты. Аудан тұрғындарына, жастарға үлгі ре-тінде «Ауылым – алтын бесігім» деп ұрандатқан белсенді жастарымыз өз ауылдарында күл-қоқыстарды жинап, қоршаған ортаны тазартты. Жаратушы табиғат пен адамды бір-біріне етене байланыстырып, оның өлшеусіз құндылығын арттыра түскен. Табиғат-Ананың бізге деген кең пейіліне қиянат жасау – біздің адамгершілігімізге сын. Қайткен күнде де қоршаған орта өз байлығы мен жемісін адамзат баласынан еш аяған емес. Ал, оны ысырап етпей, əрбір тасын қамқорлыққа алу əрбірімізге артылған міндет екенін ұмытпаған лəзім. Лас жерде ұйықтауға, тамақ ішуге, жұмыс жасауға болмайтыны белгілі. Кейде денсаулығымызға тигізер кері əсерін біле тұра еріншектікке, жалқаулыққа жол беріп жатамыз. Ал, сол тазалықтың тереңінде салауатты өмір тұрғандығын ескере бермейміз.

Сұлтан Тойғанбай.

                                                                                                     ****

Тескенсу ауылдық округінде «Таза ауыл» тазалық эстафетасы өз жалғасын тапты. Тазалық акциясына Тескенсу, Рахат, Балтабай, Түрген ауылдық округтерінде қабылданған жасыл ел жасақшылары қатысты. Шара аясында ҰОС соғысының ардегерлеріне арналған ескерткіш маңы тазартылып, ағаштары әктеліп, шөптері шабылды. «Ынтымақ жүрген жерде, ырыс бірге жүреді» деген халқымыз. Бірлігі мен ынтымағы жарасқан елдің ұрпақтары бірлесіп жұмыс атқаруда.

 

Жәнібек Болғамбай,

Тескенсу ауылдық округінің

жастар ісі жөніндегі

әдіскер-нұсқаушысы.

 

****

Баршамызға мәлім, жұмыссыз жастарды маусымдық жұмысқа тарту аясында үстіміздегі жылдың маусым айынан бастап ауданда «Жасыл ел» жасақшылары жұмысқа кіріскен болатын. Жасақшылардың жұмыстарын одан әрі жаңғырту, жандандыру және олардың арасын-да достық қарым-қатынасты нығайту мақсатында аудандық           жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Балтабай ауылдық округі әкімі аппаратының қолдауымен «Жастар таза ауыл үшін!» атты тазалық акциясы ұйымдастырылды.

Акцияға Балтабай, Түрген, Рахат, Тескенсу  ауылдық округтерінің «Жасыл ел» еңбек жасағында жұмыс атқаратың 35 жас қатысып, Балтабай ауылындағы мектеп маңайы мен өзен жағалауларына тазалық және көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Акция соңы спорттық ойын түрлерімен жалғасты. Жасақшылар арасында гир (кір) тасын көтеру, арқан тартысу сынды ойындар ойнатылып, эстафеталық тазалық акциясын Түрген ауылының еңбек жасақшылары қабылдап алды.

 

Айдана Ақжол,

Жастар ресурстық орталығының маманы.

Оқылды 2452 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 25, 2024

Ел бірлігі – ел теңдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының…
Сәу 25, 2024

Савелий КАРАСАВИДИ, председатель…

На ХХХІІІ сессии Ассамблеи народа Казахстана Президент РК Касым-Жомарт Токаев отметил,…
Сәу 25, 2024

Мызғымас бірлік – алынбас қамал

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы…
Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…
Сәу 22, 2024

Қоғамды түзеуді өзімізден бастайық

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел азаматтарын «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы…
Сәу 22, 2024

Экологиялық мәдениетті артыруымыз…

Қоғамды жаппай тазалыққа шақыру өте өзекті мәселе деп есептеймін. Біз ұстаздар…
Сәу 19, 2024

Жастарды жат ағымдардан сақтау –…

Дін саласы – қоғамдағы күрделі әрі нәзік дүние. Сондықтан дін айналасындағы мәселелер де…
Сәу 19, 2024

Мәһір маңызды ма?

Соңғы кездері әлеуметтік желіде жастар арасындағы мұсылмандық неке қию рәсімінде…
Сәу 19, 2024

Науқан жалғасуда

Тазалық – саулық кепілі. Иә, тәнімізді һәм жанымызды таза ұстаумен қатар, өзіміз өмір…

Күнтiзбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет