Бейсенбі, 22 Қараша 2018 16:24

Әлемді мейірімділік құтқарады

Әлемді  мейірімділік құтқарады mezet.kz

    Қайырымдылық – қазақтың қанына сіңген қасиет. Ата-бабаларымыз сауапты да, жауапты амалдың бірі мұқтажға қарайласуды өзіне міндет санап, жесірін жылатпай, жетімін қаңғыртпай, қайтыс болған туысының әйелін әмеңгерлікпен алып, ешкімге кіріптар қылмаған. Сол себепті де қазақ даласында «Жетімдер үйі», «Қарттар үйі» мүлдем болмаған. Заманнан ба, адамнан ба, өкінішке қарай, бұл сабақтастық жалғаспай отыр. Керісінше, ойнап жүріп от басқан көкек аналар мен жауапкершіліксіз әкелердің кесірінен тірі жетімдер саны артуда. Бұл тексіз ұрпақ дүниеге келді деген сөз, ал оның арты ел болашағына қауіп төндірер дерт болары анық. Аталған індетті алдын алып, қамқорлықсыз қалған сәбилерге қорған болуға,отбасы жылуын сыйлап, бала асырап алуға бағыт-бағдар беруді көздеп, жетімдер үйін азайту мақсатында Облыстық білім басқармасының бастамасымен 2016 жылы «Балалар үйінсіз Жетісу» атты жоба туған.

    Аталған бағдарлама аясында жақында О.Жандосов атындағы орта мектебінде ұжымның ұйымдастыруымен «Қайырымдылық – жылы жүректен» атты шара өтті. Кеште аудандық білім бөлімінің маманы –  Алмагүл Дүйсебекова, жер қатынастар бөлімінің бас маманы –  Руслан Қожаев, отбасылық үлгідегі балалар үйінің тәрбиешісі – Роза Есенова мен патронаттық ана – Любовь Ершова және Қызылжар ауылдық мешітінің имамы – Сұлтанбек Кәрібаев қонақ болды. Жиын барысында Алмагүл Ануарбекқызы жоба мақсатын түсіндіріп, 31 баланы қамқорлығына алған Есеновтер отбасы мен 7 жеткіншекті жеткізіп, мейірім төгіп отырған Любовь Ершованың жанұясын та-ныстырып, көпке үлгі етті. Өз сөзінде:

–  Ауданымыз бойынша 342 жетім  бала бар. Оның  296-сына қамқоршылық  және қорғаншылық белгіленген, 20 бала патронаттық отбасында тәрбиеленсе, 11-і отбасылық үлгідегі балалар үйінде, 4-еуі бала қабылдаушы жанұяда, 11 жеткіншек Шелек ауылындағы мамандандырылған балалар үйінде тәрбиеленуде. Аталған жоба арқасында 20 бала отбасын тауып, ата-ана жылулығын сезінуде. Сіздер де бір жетімге қамқорлық көрсетіп, мейірімділік танытамын деген ниеттеріңіз болса,бізге хабарласып бар мән-жайды сұрасаңыз болады, – деп, әр сәби толыққанды отбасында тәрбиеленуін тілейтіндігін білдірді.

    Кеш соңында ауылдағы ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар мен мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндерге мектеп ұжымы мен жеке кәсіпкерлер демеушілігімен сыйлықтар ұсынылды. Мектеп оқушыларының концерттік бағдарламасын тамашалап, әрі кең жүректі, жомарт жандардың қайырымдылығы мен мейірімділігіне сүйсініп қайттық.

 

Жансая ЫСҚАҚ.

Оқылды 2952 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет