Дүйсенбі, 20 Мамыр 2019 11:38

Атымды қазақ қойған соң...

Қазақ тілінің бір игерілмей де жүйеленбей келе жатқан саласы – кісі аттары, әкесінің аты мен шыққан тегі. Әсіресе, адамның қазақтың тегін жазуға келгенде әрізді жолмен жүріп, ат иесін, есім егесін әлекке салып қоямыз. «Тірі» мысалдар қажет болса, өтпелі кезеңде болған күлетін емес, күйінетін іске куә болып, араласуға осы істің шешімін табуға қол ұшын беруге тура келгенін жиырма жыл бұрын жазсам да қайта жазуға тура келіп тұрғанының себебі – сол жағдай тағы қайталанғандықтан. Сөз ретімен айтсам, алыс ауылдан келген ақ сақалды адамның алдыма келіп айтқан «Тегім - пәмелиям бұрмаланып тұр, түзетуге көмектес» деген арызы еді. Ол ақсақалдың тегі Сыдықбеков, әлде Сыдықбаев болар. Атын жазып, ол кісі тірі болса тағы да намысына тиіп қорламайын. Кеңес кезінде орыс шенеунік, әлде орыс тілді өзіміздің қазақ бауырымыз фамилиядағы «ы» әрпін «и» деп жазып берген. Бүгінгінің қызметкері «и» әрпін қазақшалағанда «і» болады деп өзінше топшылап кіші дәреттен бөлінетін сұйықтыққа айналдырып жіберген. Япырмау деймін-ау орыс алфавитінде бар «ы» әрпін аяды ма деймін сол алғашқы бүлдіргіш Кеңестік кеңсе қызметкері. Жуырда теледидардан Сидикова деген әйелдің фамилиясын көзім шалды. Енді бұл азаматшаның тегін қазақшалағанда «и»-дің орнына «ы» әрпін қойса екен деп тілейік.

Менің жақын туысқаным, замандасым Бекболаттың метрика - туу туралы куәлігіндегі тегі Ботақанов еді. 16 жасқа толып, төлқұжат алуға барған ауыл баласы Бекболатқа «Что такое «ботақан»? Нет у казахов такого слова!» деп фамилиясын Потока деп жазып беріпті ЗАГС (сол кездегі АХАЖ) қызметкері. Осы тегімен өмірден өтті Бекболат бауырым.

Көкшетаудағы туған жиен немереме әкесінің атын Русланқызы деп жазуға қарсылық көрсетіп, Руслановна деп орысшалапты ол қаладағы лауазымды қызметкер. Тағы да таңғалуға тура келді - түркі тектес әзірбайжандар Мирзаоғлы, тағы басқа «оғлылар» болып жазылып жатқанда, біздің қазақтың ұл-қызы «ұлы», «қызы» деген әкесінің атын айғақтайтын қосымшаға зар болғаны ма деп күйінесің.

Заңға бағынған халықпыз – біз қазақтар. Аты-жөнімізді, шыққан тегіміз бен әкеміздің атын,  ер адам немесе әйел жынысты екенімізді анықтайтын «ұлы», «қызы» деген сөздерді тайға таңба басқандай етіп жазып, сол шала сауаттылардың көз алдына іліп қою, тіпті сол құжаттандыру бағытындағы қызметкерлерді оқытып, емтиханнан - сынақтан өткізіп барып қызметке қабылдау да қолымыздан келмегені ме?

Мәселенің үлкені цифрландыру дәуіріндегі электрондық үкіметтің базасындағы (ақпараттық қор) тұрғындарымыздың аты-жөні орысша ыңғайдағы әріптермен жазбасаң, ешбір ақпарат, ешбір анықтама ала алмайсың. Салық, айыппұл тағы басқа төлемдер төлей алмайсың. Өзгенің басын ауырпай-ақ өз аты-жөнімнен мысал келтіре кетейін. Төлқұжаттағы атымды орысшалап 16 жасқа толғанда берілген кеңестік паспорт - төлқұжатта Хайрулла деп» Қ» - ның орнына «Х»  әрпін қойып, «о»-ның орнына «у» қойып берген күйімен орысшалап келе жатқан күйіміз бар. Күн сайын ондаған ақпарат қағазбен де, электронды поштамен де келіп жатады. Бәрі де орысша транскрипциямен қол қойып, тегі жазылған авторлардың аты-жөні. Қағазбаев болса, Кагазбаев деп төлқұжаттағы нұсқасымен береміз. Өйткені егер редакцияға түскен хат сыни мазмұнда болса мысалы, сол күйінде береміз. Егер тексеру-тергеу деген мәселе қозғалса, төлқұжаттағы әріптен бір әріп өзгеше болса заң бойынша автор ма, басқа ма терістеме беруді талап етуге құқылы.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтар болсақ, аты-жөнімізді, ата-тегімізді жазуды бір ізге түсіріп заңдастыруды қолға алмасақ тұрғындарымызды алуан түрлі әлекке салып қоярымыз анық.

Хайрулла (куәлікте осылай жазылған)

Ахметжанов (қазақша да,

орысша да осылай бірдей жазылады – бұған да тәуба).

Оқылды 2423 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Атымды қазақ қойған соң... Атымды қазақ қойған соң... »

Соңғы жаңалықтар

Сәу 25, 2024

Ел бірлігі – ел теңдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының…
Сәу 25, 2024

Савелий КАРАСАВИДИ, председатель…

На ХХХІІІ сессии Ассамблеи народа Казахстана Президент РК Касым-Жомарт Токаев отметил,…
Сәу 25, 2024

Мызғымас бірлік – алынбас қамал

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы…
Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…
Сәу 22, 2024

Қоғамды түзеуді өзімізден бастайық

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел азаматтарын «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы…
Сәу 22, 2024

Экологиялық мәдениетті артыруымыз…

Қоғамды жаппай тазалыққа шақыру өте өзекті мәселе деп есептеймін. Біз ұстаздар…
Сәу 19, 2024

Жастарды жат ағымдардан сақтау –…

Дін саласы – қоғамдағы күрделі әрі нәзік дүние. Сондықтан дін айналасындағы мәселелер де…
Сәу 19, 2024

Мәһір маңызды ма?

Соңғы кездері әлеуметтік желіде жастар арасындағы мұсылмандық неке қию рәсімінде…
Сәу 19, 2024

Науқан жалғасуда

Тазалық – саулық кепілі. Иә, тәнімізді һәм жанымызды таза ұстаумен қатар, өзіміз өмір…

Күнтiзбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет