Жұма, 04 Қазан 2019 16:43

Ұлы қызмет саласының үздігі

Ұлы қызмет саласының үздігі mezet.kz

Шелек ауылындағы Ы.Алтынсарин  орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гүлмира Қалитқызы Адамовамен сұхбатымызды мұғалімдер күніне орайластырып ұсынып отырмыз.

– Құрметті Гүлмира Қалитқызы! Ең әуелгі әңгімемізді өзіңіздің өскен ортаңыз бен қызмет жолыңыздан бастасақ...

Мен 1961 жылы 8 тамызда Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Қазақстан ауылында дүниеге келдім. Осында М.Горький атындағы орта мектепте білім алып, оны үздік бағамен бітірдім. Ал 1980-83 жылдары Алматы қаласындағы педагогикалық училищеде оқып, оны бітіргеннен кейін С.Көбеев атындағы орта мектепте бастауыш сынып мұғалімі болдым. Қызымет атқара жүріп, білімімді одан әрі жалғастыру үшін әрбір жанға арман болған Алматыға қайта оралдым. Осылайша қазіргі Абай атындағы ҚазҰПУ-дің «Қазақ тілі мен әдебиеті» факультетін тәмамдадым. 1992 жылы жолдама бойынша осы Шелек ауылындағы Т.Кенжебаев атындағы орта мектебіне қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып орналастым. Осылайша Шелек ауылының тұрғыны болып шыға келдім. Ал 1993-1998 жылдары арасында Шелек өз алдына аудан болып тұрған кезінде аудандық білім бөлімінде қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің әдіскері болып қызмет атқардым. Осында жұмыс істей жүріп сол кездегі білім бөлімінің басшысы болған М.Кенжебаева, әдіскерлер Г.Рәкешқызы мен А.Владимировналардан көп нәрсе үйрендім. Қазірге дейін сол үйренгендерім керекке жарап келеді. Шелек ауданының Еңбекшіқазақ ауданына бірігуіне байланысты 1998 жылдан бас-тап Шелек ауылындағы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебіне өз салам бойынша ауысып, әлі күнге осы мектепте ұстаздық қызметімді жалғастырудамын. Ал 2010-2015 жылдар аралығында мектеп директорының оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары болдым. 2015 жылы өз өтінішім бойынша аталған міндеттен босап, содан бері қарапайым мұғалім болып, шәкірт тәрбиелеп келемін.

Жолдасым Сейілхан екеуміз отыз алты жылдан бері бақытты ғұмыр кешіп келеміз. Арман, Ақжол атты екі ұлым бар.

Біздің мектептің тарихы жетістіктерге толы. Сондықтан халық арасындағы беделі де жоғары. Бұған мектеп ұстаздарының біліктілігімен бірге, басшылардың да атқаратын рөлі ерекше. Менде осындай терең тарихы бар үздік мектепте ұстаздық ететінімді мақтанышпен айта аламын.

– «Шәкіртсіз ұстаз тұл» дейтін мақал бар. Сондықтан ұс-таздың беделі мен еткен еңбегі шәкірттерінің жетістігінен көрінеді. Сіздің де мерейіңізді тасытып, үмітіңізді ақтаған әрі мақтанышпен айтатын үздік шәкірттеріңіз бен жетістіктеріңіз бар ма?

Енді мен өз шәкірттерім туралы айтсам әңгімем ұзаққа созылады. Өйткені, мен тәрбиелеген үздік шәкірттер өте көп. Сондықтан олардың бастыларын ғана атап өтейін. Мәселен, М.Мақатаевқа арналған облыстық, республикалық мүшайраларда А.Тыштыбаева мен Н.Рушанова бірінші және екінші орындарды иеленді. Сол мүшайрада бірінші орын алған Н.Рушанова бүгінде «Хабар» телеарнасында қызмет етіп жүр.

Облыстық ғылыми жобалар жарысында Г.Ералы, Н.Ербосынова жүлделі екінші орынға ие болса, Ж.Жабаевтың мерейтойына байланысты аудандық және облыстық айтыста 5-сынып оқушысы Д.Әлібекова екінші орын алды. Кіші ғылым академиясының республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясында А.Қадырова, А.Тақабаева, А.Сыбанбекова, О.Сәкенова, М.Шабинярова, А.Бағдат, М.Айдарбекова, Ж.Рақымханова секілді шәкірттерім қатысып өз ғылыми жобаларын қорғап, бірінші және екінші орындарды қанжығаларына байлап қайтты. Одан бөлек, республикалық «Жарқын болашақ» қазақ тілі олипиадасының «Жазушылар конкурсы» бойынша Р.Хаззакова екінші орынды алса, «Тілім менің – тірлігімнің айғағы» атты оқушылар арасында өткен облыстық шығармалар байқауында Б.Бағашарова үшінші орынды, Ж.Қырықбай екінші орынды жеңіп алды.М.Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясы мен Ұлы Жеңіс тойына байланысты «Отты жылдар шежіресі» тақырыбында мен дайындаған оқушылардан құралған театрландырған сахналық қойылым ауданнан өтіп, облыстың сахналарын да бағындырды.Мен өзім сынып жетекшісі болғанда А.Шәкен «Алтын белгі» иегері болса, Б.Сеитов пен Ә.Тақабаева «Үздік атестат» иегері атанды. Ал 9-сынып бойынша Р.Хаззакова, А.Сейілханұлы, Т.Мұсабекова, А.Шәкен «Үздік аттестат» алып шықты.

Ал енді өз жетістіктеріме келсем, 1999 жылы «ҚР Білім беру ісінің үздігі» төсбелгісімен және «ЮНЕСКО» шығармалар жарысында мақтау қағазымен марапатталдым. Сонымен бірге, 2010 жылы ҚР «Білім және ғылым министрлігінің» алғыс хатының және 2018 жылы  «Қазақ елінің үздік ұстазы» төсбелгісінің иегері атандым.        Өзімнің ерекше жетістігім ретінде айтарым 2011 жылы «Қ.Бітібаеваның Халықаралық мерейтойында (қазақ-американ) Конференциясында» баяндама жасадым. Кейін ол баяндамам кітап болып басылып шықты. Мүмкін, бір баяндама жасағанда не тұр деп ойлайтын шығарсыз. Бірақ бұл жетістігімнің мен үшін орны бөлек. Өйткені Қ.Бітібаеваны өзім бала кезден үлгі тұтып өстім. Кейін осы кісінің шәкірті болдым. Өз мерейтойында қадірлі ұстазым мені арнайы шақырған болатын. Ал бұл шақыртуы мен үшін қандай мақтаулар мен ордендерден әлдеқайда артық. Тағы бір жетістігім жыл сайын ҰБТ-ға дайындаған оқушыларым 100% көрсеткішке ие болып, жоғары сапа көрсетіп келемін. Тіптен 2012 жылы Ұлттық Бірыңғай тестілеуде жоғары көрсеткішке жеткенім үшін мақтау қағазымен де марапатталдым. Авторлық бағдарламалар арқылы жеткен жетістіктерім де бар. Бірнеше рет аудан әкімінің марапаттарына да ие болдым. «Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында» қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында қолданған әдіс-тәсілдерім мен мақалаларым журналдарда жиі жарияланып тұрады.

– Қызметте жетістікке же-тіп, жұмысыңыздың алға басуына айналаңыздағы әріптестеріңіздің де тигізер әсері мол болмақ...

Әрине, әріптестерім туралы айтарым көп. Мен жақсы әріптестерден кенде адам емеспін. Атап айтар болсам, маған жол көрсетіп ақылшым болған үлкен ағаларым мен әпкелерім болды. Олардың қатарында А.Қырықбай, Б.Сағымбаева, Қ.Абдуқайымова, Г.Нұрмағанбетова, Р.Разиева, М.Құрманова, Г.Атабаева, Н.Жоламанова, А.Есбергенова, Р.Көжек-баева, К.Қыдырманова, Б.Саитова, А.Садировтар бар. Осы кісілердің арқасында білмегенімді үйреніп, талай кедергілерден қиналмай өткенімді жасырмаймын.

Бүгінгі мектеп әкімшілігінің құрамы да білікті, білімді жандар.

– Соңғы кездері ұстаздардың беделін көтеру туралы жиі айтылып жатыр.

Б.Момышұлының «Ұстаз – ұлық емес, ұлы қызмет» деген аталы сөзі бар. Әрине, кез-келген мамандық иесі ұстаздың алдынан өтетіні рас. Ұстаздардың беделін көтеру деген сөздің өзі құлаққа түрпідей тиетіні шындық. Өйткені, ұстаз былайда беделді болуы тиіс. Егер ел болып, еңсе көтереміз десек, ең алдымен, ұстаздар беделінің зор болуы шарт.

– Әңгімелескеніңізге рахмет!

Сұхбаттасқан

Нұрсерік ТІЛЕУҚАБЫЛ.

Оқылды 2055 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Ұлы қызмет саласының үздігі Ұлы қызмет саласының үздігі »

Соңғы жаңалықтар

Сәу 25, 2024

Ел бірлігі – ел теңдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының…
Сәу 25, 2024

Савелий КАРАСАВИДИ, председатель…

На ХХХІІІ сессии Ассамблеи народа Казахстана Президент РК Касым-Жомарт Токаев отметил,…
Сәу 25, 2024

Мызғымас бірлік – алынбас қамал

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы…
Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…
Сәу 22, 2024

Қоғамды түзеуді өзімізден бастайық

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел азаматтарын «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы…
Сәу 22, 2024

Экологиялық мәдениетті артыруымыз…

Қоғамды жаппай тазалыққа шақыру өте өзекті мәселе деп есептеймін. Біз ұстаздар…
Сәу 19, 2024

Жастарды жат ағымдардан сақтау –…

Дін саласы – қоғамдағы күрделі әрі нәзік дүние. Сондықтан дін айналасындағы мәселелер де…
Сәу 19, 2024

Мәһір маңызды ма?

Соңғы кездері әлеуметтік желіде жастар арасындағы мұсылмандық неке қию рәсімінде…
Сәу 19, 2024

Науқан жалғасуда

Тазалық – саулық кепілі. Иә, тәнімізді һәм жанымызды таза ұстаумен қатар, өзіміз өмір…

Күнтiзбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет