Бейсенбі, 22 Қараша 2018 16:58

Ерін құрметтеген ел озады

Ерін құрметтеген  ел озады mezet.kz

   Халқымыз ежелден-ақ қаһарманына құрмет көрсетіп, ұрпағына үлгі ете білген. Сол дәстүрді жалғастырып, Көктөбе орта мектебінде алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Әсет Жанысбаевтың ұйымдастыруымен Гиннестің рекордтар кітабына енген, халықаралық спорт шебері, мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің ардагері, халық арасында «Жан ата» деген атпен танылған Иван Ивановпен, Ұлттық ұланның запастағы полковнигі Ерлан Алданазаров және Қаракемер ауылындағы Ұлттық ұланның 6654 әскери бөлім командирінің орынбасары, подполковник Руслан Оспановпен кездесу өтті.

    Мақсаты – қазіргі заман батырларын өскелең ұрпаққа үлгі ете отырып, Отан сүйгіштікке, елжандылыққа баулу, ерлікке шақыру, спортқа қызығушылығын арттыру болды. Кешке аудандық білім бөлімінің дене шынықтыру және АӘД пәндерінің әдіскері Қайрат Әукен, мектептің ардагер ұстазы Айша Сүлейменова, «Ұлттық ұлан» әскери институ-тының түлектері және ұстаздар мен оқушылар қатысты. 

    Алдымен сөзді жастайынан спортты жанына серік еткен, сексенге келсе де сыр бермеген,сегіз мәрте рекорд жасаған Жан ата бастады. Балалар үйінде темірдей тәртіпте тәрбиеленгендігінен бастап, спортқа қалай келген-дігін, ерліктері мен көрген қиындықтарын баяндап берді:

– Қырық жылдан астам адамның ерекше қасиеттерін зерттеумен айналысып келемін. Күн сайын таңертең 7 шақырым жүгіріп, 2-3 сағат жаттығу жасаймын. Қыста 15 градустық аязда суық суда шомылып, жалаңаш 30-40 минут серуендеймін. Алғашқы рекордымды 1992 жылы 4444 рет отырып тұрудан жасадым. Одан кейін 2014 жылы шеге қағылған ағашты 4 жарым сағат ішінде 9000-нан астам, 2015 жылы 5 келілік темірді 11111 мәрте көтеріп, Гиннес кітабына ендім. Ұзындығы 118 метр жұқа тақтайдың үстінен тез жүгіріп өтіп, әлемдік рекордты жаңарттым. Сондай-ақ психологиялық кітаптар оқып, әр тұлғаның мінез-құлқын, көңіл-күйі мен мүмкіндіктерін зерттеудемін. Адамзаттың қолынан келмейтіні жоқ, ол өзі ойлағаннан да зор қабілетке ие, тек, соны түсініп, өз-өзімен жұмыс істеуі керек, – деп залда отырғандарға үлкен ой тастады.

    Содан соң, Ерлан Алданазаров пен Руслан Оспанов қызығы мен қиындығы қатар жүретін әскери қызмет туралы айтып, мамандықтарының қыр-сырымен бөлісті. Қатысушылар сұрақ қойып,  тұщымды жауапалды.

    Шара соңында ел мақтаны-шы, қаһарман атамыз батасын беріп, осы уақытқа дейінгі жасаған рекордтары жас ұрпақтың қамы үшін екендігін,тәні саудың - жаны сау болатындығын ұғынғанын, спортпен айналысып, шыныққанын қалайтындығын білдірді.

Ел – ерін тануы тиіс. Жастарға берері мол осындай кездесулер жиі ұйымдастырылса, Отанының жанашыры болатын, өз өміріне жауапкершілікпен қарайтын, дені сау әрі білімді ұрпақ тәрбие-ленетіне сенім мол.

 

Жансая ЫСҚАҚ.

Оқылды 2639 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « ТАБЫСТЫ БОЛУ – ЕҢБЕКТЕН Ерін құрметтеген ел озады »

Соңғы жаңалықтар

Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

ЖИЗНЬ, ПОСВЯЩЕННАЯ РОДИНЕ

«Родина у нас одна» – такая обыденная, не требующая доказательств аксиома… Но так ли она…
Мам 04, 2024

Әскерилер қаржылық сауаттылығын…

«AMANAT» партиясы бір жыл бұрын «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосқан болатын. Жобаның…
Мам 04, 2024

Тұрғындар өтініші ескерусіз қалмайды

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы жұмыс сапары аясында аудан…
Мам 04, 2024

Бір шаңырақ астында

Ынтымақтастық пен бірлік – мемлекеттің даму кепілі. 130-дан астам этносты бір мақсатқа…
Мам 04, 2024

Келелі кездесу Шелекте

Өткен аптада Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев іссапармен…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет