Сәрсенбі, 08 Желтоқсан 2021 13:44

Алтын адамның атамекені

Қазақ қоғамында ықылым заманнан бабалар мұрасын, салт-санасын, әдеби туындылары мен дәстүрлі өнерін білу, сақтау, ұрпақ бойына сіңіру аса маңызды ұстанымдардың бірі деп санаған. Ал бүгінгі  жаһандану заманында еліміздің тарихы мен айбарын халыққа танытып, тәуелсіздігімізді тұғырлы ету жолындағы жоспарлар мен істерді ел ішіне жеткізу маңызды да жауапты міндеттің бірі болып отыр. Осы орайда халқымыздың ғасырлардан тамыр тартатын өткенін, яғни, отандастарымызға, кейінгі ұрпаққа таратуда музейлердің маңызы зор.

Музей – ғылыми, мәдени-тарихи орталық. Музейлер – бірнеше дәуірдің тарихын, этнографиясын, тарихи тұлғаларын, өнерін жинақы түрде ұрпақтан ұрпаққа жалғап отыратын институт. Бүгінде Есік археологиялық өлкетану музейі де өңірдің өткенінен сыр шертіп, халықтың қазынасын байытып, аудан руханиятына өзіндік үлес қосып келеді. Есік археологиялық өлкетану музейінің шаңырақ көтеруі тәуелсіздік жылдарымен тұспа-тұс келді. Ең әуелі Есік қаласында 1992 жылы  белгілі археолог Бекмұханбет Нұрмұханбетовтің ұйымдастыруымен орталық дәріханада  «Археология» деген үлкен бөлме ашылды. Аталған бөлмеге Б.Нұрмұханбетовтің қазба жұмыстарынан шыққан жәдігерлері және «Алтын адам» макеті қойылды. Ондағы мақсат қала, аудан тұрғындарына сақ дәуіріндегі тарихымызды жеткізу, насихаттау болатын. 1992 жылы 13 тамызда Елбасы Н.Ә.Назарбаев Алтын адамның атамекені Есік қаласына арнайы іс-сапарымен келді. Сол сапарында Елбасымыз алтын адам шыққан жерді көзбен  көрді. Сонымен қоса Тұңғыш приздентіміз  «Халқымыздың көне тарихын келер ұрпаққа жеткізуге, қызмет істеп жүрген отандастарыма зор рақмет!» – деп ізгі тілегін жазып қалдырған еді. Сөйтіп, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қолдауымен, Алматы облысының әкімі А. Есімовтің шешімімен 1993 жылдың шілде айында Алматы облыстық Есік археологиялық өлкетану музейі  құрылды.  Иманмұхаммед Бағжанов музейдің алғашқы директоры болып  тағайындалды.

Тұғыры биік тәуелсіздіктің алғашқы жылдары тұсауын кескен Есік археологиялық өлкетану музейінде қазір жылжымалы археологиялық бұйымдар және жылжымайтын археологиялық мұралар қоры жасақталған. Музей облысымыздың археологиялық ескерткіштерін ғылыми зерттеу, насихаттау және археологиялық қазбалардан табылған көне заман мұраларын сақтау мен зерттеу бағытында жұмыс істейді.

Жалпы музейдегі жылжымалы археологиялық бұйымдар, уақыт өлшемі тұрғысынан, адамзат қоғамының ежелгі дәуірінен бастап, кейінгі орта ғасырға дейінгі аралықтағы даму жолын заттай деректер арқылы көрсетеді. Музейде қазақ жерін мекендеген тайпалар мен халықтардың мәдени даму деңгейі, олардың бүкіләлемдік өркениет қазынасына қосқан үлесі туралы мағлұматтар беретін көптеген ескерткіштер сақталған. Олар тұрмысқа қолданылуы тұрғысынан – еңбек құралдары, қару-жарақтар, әрқилы әшекейлер, діни ғұрыптар, қажеттілігіне ұсталатындар және қазан-ошақ төңірегіндегі бұйымдар мен сауда-саттық баламалары. Бұл дүниелердің заттық сипаттары – тас, қола, темір, жез, күміс, қыш, әрқилы органикалық қоспалар т.б. қамтиды. Музей холл, өлкетану, археология, Алтын адам жерлеу жорасы залы сынды төрт залдан тұрады. Ондағы жалпы экспонаттар саны – 1130-дан асады. Өлке тарихын таныту жолында талмай еңбектеніп келе жатқан музей ұжымы талай биік белестерді де бағыныдыра білді. Айталық, 2019 жылы Есік археологиялық өлкетану музейі Алматы облысындағы ең үздік музей болып бағаланды.

Есік археологиялық өлкетану музейін тама-шалағандар өлкенің өткеніне сапар шегіп, бағзы  бабаларымыздың өркениетін зердесіне тоқып қайтатыны сөзсіз. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айтылғандай, туған өлкеміздің тарихын кеңінен таныту мақсатында музейіміз  өз қызметін жаңа талаптар тұрғысынан атқаруға күш салып келді.

Индира ҚОЖАҒҰЛОВА,

Есік археологиялық өлкетану музейінің аға ғылыми қызметкері.

Оқылды 4721 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Ғалымдар бас қосты Состоявшееся государство »

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет