Сенбі, 07 Мамыр 2022 10:38

Бейбітшілік пен қауіпсіздік кепілі

Қазақ халқы – ертеден жаужүрек, батыр халық.

Ұлан-ғайыр атырапты ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғап, бүгінгі ұрпаққа аманат етіп қалдырды. Бабалар аманатына қиянат жасамай, баға жетпес байлықты көздің қарашығындай қорғау – біздің қасиетті борышымыз. «Білекке сенген заманда ешкімге есе бермедік, білімге сенген заманда қапы қалып жүрмелік» деп Абылай хан айтқандай, білім ғасырында ешкімге есе бермейтініміз анық. Осы білім мен білектің күшін ұштастырып, Отанды қорғауға сақадай сай тұрған Қазақстан Республиксының Қарулы Күштерінің құрылғанына биыл 30 жыл.

Еліміз Тәуелсіздік алған тұста еліміздің қауіпсіздігі, шекарамыздың тұтастығы бірінші орында тұрды. Осыған орай, 1992 жылы 7 мамырда ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қорғаныс комитетін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі етіп қайта құру туралы», «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құру туралы» және алғашқы қорғаныс министрі етіп генерал полковник (1993 жылдың 9 мамырынан армия генералы) С.Қ.Нұрмағамбетовты тағайындау туралы Жарлықтарға қол қойды. Бұл күн Қазақстанның дербес Қарулы Күштерінің құрылған күні болып бекітілді.

Бүгінде Қарулы Күштеріміз Құрлықтағы әскер, Әуе қорғанысы күштері және Әскери-теңіз күштері сынды үш түрлі құрылымнан тұрады. Тәуелсіздік жылдары аталған құрылымдардың әлеуеті ұлғайтылды. Стратегиялық тұрғыда дағдарыстық жағдайлар орын алған кезде негізгі міндеттерді шешуге қатысу үшін жоғары деңгейлі әскери топтар, кез келген қауіп-қатерге қарсы жедел әрекет ететін Арнайы операция тобы, киберкеңістікте қауіп-қатерге қарсы іс-қимыл мақсатында ақпараттық күрес компоненті құрылды. Сондай-ақ мемлекеттің аумақтық қорғаныс саласын біріктіру үшін Қарулы Күштер құрамындағы аумақтық әскерлердің басқару органы пайда болды. Құрылымның барлық сатылары қамтыла отырып, еліміздің әскери оқу орындары арқылы мамандар дайындау ісі жолға қойылды.

Global Firepower ұйымының осыдан бес жыл бұрын жасаған рейтингі бойынша Қазақстанның Қарулы Күштері әлемде 53 орында тұр. Жаман көрсеткіш емес, әрине. Десек те, еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қарулы Күштің әлеуетін арттырып, заман талабына сай маман дайындау қолға алынып келеді. Саланы кәсіби мамандармен қамтамасыз етуде әскери-оқыту резервін даярлауға баса назар аударылып отыр. Бұл бағыттағы оқыту ісі азаматтық жоғары оқу орындары жанындағы 29 әскери кафедрада жүргізілуде. Жыл сайын бұл әскери кафедралар 3 700-ден астам офицер даярлайды.

Қазіргі таңда Қарулы Күштеріміз әскери шақыру және келісімшарт бойынша, яғни аралас тәсілмен жасақталуда. Соның нәтижесінде сержанттар мен сарбаздар құрамының 70 пайыздан астамын келісімшарт бойынша қызмет ететін әскери қызметшілер құрап отыр. Қалған 30 пайызын әскери борышын өтеуге міндетті азаматтар құрайды. Әскерді жасақтаудың осы тәсілі өз тиімділігін көрсетуде. Бұл өз кезегінде Қарулы Күштердің жауынгерлік әзірлігі мен қабілетін арттыруға мүмкіндік береді.

Елімізде әскери күшті заманауи қару-жарақпен қамтамасыз ету мәселесі де күн тәртібінен түскен емес. Материалдық-техникалық базамыз нығайтылып, түрлі ауыр техникалар мен қару-жарақтар сатып алынды. 30 жылдың ішінде транспортерлер, заманауи радиоэлектронды барлау техникалары, ракеталық-артиллерия қару-жарағы, ауыр оқ ату жүйелері, ұялы байланыс кешендері, радиациялық, химиялық және биологиялық қатерлерден қорғайтын отандық машиналар, жанар-жағармай тасымалдайтын техникалар, далалық госпитальдар, түрлі әуе техникалары әсери техникамыздың қатарын толтырды.

Қорыта айтқанда, 30 жылдың ішінде әскери қару-жарағымызды сайлап, жауынгерлеріміздің қатарын арттырып, дайындықтарын шыңдадық. Десек те, әлемді тұрақсыздың билеген алмағайып заманда әскердің материалдық-техникалық базасын нығайтып, заманауи үлгіде жарақтандыру – уақыт талабы. Сонда ғана бабалар аманатын абыроймен қорғап, келешек ұрпаққа табыстай аламыз.

Дайындаған С.НҰРАДИН.

Оқылды 1920 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 29, 2024

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ШАРАДАН АУДАН…

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының тікелей бастамасымен барлық…
Сәу 29, 2024

Қалпына келтіру жұмыстарын өзім…

Тасқын су жүрген өңірлерде үй-жайынан айырылған халықтың баспанасын қалпына келтірудің…
Сәу 29, 2024

Жазушы мерейтойына арналды

«Таза Қазақстан» экологиялық тазалық акциясына Райымбек ауданының тұрғындары да…
Сәу 29, 2024

«ДАНЬ ТРАДИЦИЯМ И ВОСПИТАНИЕ…

В рамках недели "Жасыл аймақ" экологической акции "Таза Қазақстан", проводимой по всей…
Сәу 29, 2024

С Днем Единства народа Казахстана

Хочу поздравить всех с Днем Единства народа Казахстана и выразить благодарность за вашу…
Сәу 25, 2024

Ел бірлігі – ел теңдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының…
Сәу 25, 2024

Савелий КАРАСАВИДИ, председатель…

На ХХХІІІ сессии Ассамблеи народа Казахстана Президент РК Касым-Жомарт Токаев отметил,…
Сәу 25, 2024

Мызғымас бірлік – алынбас қамал

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы…
Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет