Бейсенбі, 27 Сәуір 2017 10:44

Соғыстан жеңіске дейін

 

Фашистік Германия Кеңес Одағына  еш бір ескерусіз тұтқиылдан соғыс бастаған кезде Дәуіт Беспаев қылыштай қылшылдап тұрған қырық жаста еді. 1901 жылы өзі дүниеге келген Сүгір ауылы Тельман колхозынан әскер қатарына шақырылды.  Ұлы Отан соғысына бастан аяқ қатысқан Дәуіт ата жеңіске таяу қалған кезде қатты жараланып, госпитальда жатып емделіп, 1946 жылдың қазан айында ауылға оралады.

 

Жиырмаға жаңа толған жігіттердің ішіндегі егдесі –  «старик» атанған жауынгер  жан алысып, жан беріскен қиын-қыстау шайқаста ақылшы да, сабырға шақырып, жігер беретін қамқоршы да бола білді. Өліммен бетпе-бет келмеген өрімдей жас жауынгерлер ойран-топай ұрыс басталғанда не істерін білмей, тіпті қаруын тастай салып, бас сауғалайтын кездерде, кеңес беретін де  Дәуіт ағаларындай тісқаққан жауынгерлердің ақылы ауадай қажет болғаны да шындық еді. 1941 жылы маусымда алғаш рет қазақстандық жауынгерлер ұрысқа кіріскен Литва жеріндегі қанды шайқаста ерліктің үлгісін көрсетті. Бақайшағына дейін қаруланған неміс басқыншыларының  әскерлері тұрмақ, алып техникасын да алға бастырмай, отқа орап, ерлікпен  шайқасты.  Жаудың  орасан күшін Кеңес одағының жерінен кейін шегіндіргеннен, Берлинге дейінгі алапат ұрыстарға қатысқан Дәуіт ата Европа елдерін азат ету ұрыстарында да ерлігімен елене білді.Осындай аласапыран соғыста жеті рет жараланып, екі рет контузия да алды. Днепр өзені бойындағы қырғынды да, Украина, Беларусьты, Балтық республикаларын, Молдованы да азат ету ұрыстарына қатысты. Д.Беспаев соғыста ерлікпен шайқасып жүргенде, жолдасы Шәшкей Ботақызы Әбішева ауылдық Кеңесте жұмыс істеп, ұжымшар төрайымы болып, тыл жұмысындағы еңбектің  «көрігін» қыздырды. Өздері аш-жалаңаш жүрсе де, бар жинаған астық пен азық-түлікті, киім кешекті Отан қорғаған ерлерге жіберіп жатты.

Дәуіт ата ерлігі еленіп 1945 жылдың наурыз айында І-дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Ерлігі үшін» медалімен марапатталады. Берлинді басып кіруге таяу қалған соғыстың бірінде ауыр жараланып, госпитальға жатып, емделеді.  Жазылып шығып, туған жерге оралар кезде, ол «Германияны жеңгені үшін» медалін кеудесіне тағады. Қорам ауылында бейбіт жылдарда ұжымшардағы әр түрлі жұмыстар атқарады. Кейін КСРО қарулы күштерінің 50, 60, 70 жылдық, Ұлы жеңістің 20, 30, 40 жылдық жерекелі медальдарымен марапатталды.                Жолдасы Шәшкей апай да темекі саласында еңбек етіп, зейнетке шығады.  1995 жылы қаңтар айында Дәуіт ата 94 жасқа аяқ басқан шағында өмірден озады. Көп ұзамай жолдасы Шәшкей апай да мәңгілік сапарға аттанды. «Орнында бар оңалар» демекші, қазір ұрпақтары ол кісілердің ізін өшірмей, жалғап келеді.

 

Анарбек МӨКІШҰЛЫ.

Оқылды 2212 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Батыр ұстазым Мәлік аға хақында Соғыстан жеңіске дейін »

Соңғы жаңалықтар

Сәу 25, 2024

Ел бірлігі – ел теңдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының…
Сәу 25, 2024

Савелий КАРАСАВИДИ, председатель…

На ХХХІІІ сессии Ассамблеи народа Казахстана Президент РК Касым-Жомарт Токаев отметил,…
Сәу 25, 2024

Мызғымас бірлік – алынбас қамал

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы…
Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…
Сәу 22, 2024

Қоғамды түзеуді өзімізден бастайық

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел азаматтарын «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы…
Сәу 22, 2024

Экологиялық мәдениетті артыруымыз…

Қоғамды жаппай тазалыққа шақыру өте өзекті мәселе деп есептеймін. Біз ұстаздар…
Сәу 19, 2024

Жастарды жат ағымдардан сақтау –…

Дін саласы – қоғамдағы күрделі әрі нәзік дүние. Сондықтан дін айналасындағы мәселелер де…
Сәу 19, 2024

Мәһір маңызды ма?

Соңғы кездері әлеуметтік желіде жастар арасындағы мұсылмандық неке қию рәсімінде…
Сәу 19, 2024

Науқан жалғасуда

Тазалық – саулық кепілі. Иә, тәнімізді һәм жанымызды таза ұстаумен қатар, өзіміз өмір…

Күнтiзбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет