Бейсенбі, 10 Желтоқсан 2020 16:05

Техникалық көмек — біліктілікті арттыруға жұмсалмақ

Жақында Нұрлы ауылының орта мектебінде әлеуметтік осал топқа жататын 11 әйел қауымына ноутбук, роутер және жылдық қызмет көрсетілуі жүктелген  Интернет-пакеттен тұратын техникалық көмек жиынтығын салтанатты түрде табыс ету  рәсімі өтті. Бұл игі шараға  Қазақстан Республикасы Сыртқы істер Министрлігі мен «Біріккен ұлттар ұйымының «БҰҰ – әйелдер» гендерлік теңдік және әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері жөніндегі құрылымы  ұйытқы болыпты. Бұл жоба ауылдық жерлердегі әйелдер мен қыздарды өз әлеуетін дамыту үшін техникалық мүмкіндіктермен қамтамасыз ету, сандық және ақпараттық жүйеге қолжетімділіктерін арттыру және олардың экономикалық жағдайларын жақсарту мақсатында қолға алыныпты.

Аталған шараға Масақ ауылдық округінің әкімі Ертай Нұрмаханов, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Өркен Әбдібай, «Еңбекшіқазақ ауданының жергілікті қауымдастықтар қоры» қоғамдық қорының атқарушы директоры Бақытгүл Елшібаева қатысты. Ең әуелі салтанатты тапсыру рәсіміне қашықтықтан қатысқан «Біріккен ұлттар ұйымы «БҰҰ – әйелдер» гендерлік теңдік және әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері жөніндегі құрылымының жоба менеджері Гүлнар Смаилова көмекке ие болғандарды онлайн түрде құттықтап, олардың алдағы істеріне сәт-сапар тіледі. Бұл ретте Гүлнар Смаилова: «Біздің кеңсенің бастамасы – осындай қиын уақытта әлеуметтік осал топтардағы ауыл әйелдері мен қыздарды қолдау. Бұл істі жүзеге асыра отырып, біз ең алдымен Қазақстанның алыс ауылдары мен аудандарындағы әйелдер мен қыздардың өзіндік білім алу және экономикалық жағдайын арттыру, олардың әлеуметтік өмірдің барлық аспектілеріне тең құқылы қатысуы үшін жағдайларын жақсарту туралы ойладық. Сонымен қатар мұндай бастамалар цифрландыру және халықтың жалпы компьютерлік сауаттылығын қамтамасыз ету бойынша мемлекет қабылдап жатқан шараларға қосымша көмек болады деп үміттенеміз», – деді.

Аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы  Өркен Әбдібай және Масақ ауылдық округінің әкімі Ертай Нұрмаханов алғы сөзінде Нұрлы ауылының тұрғындарын құттықтап COVID-19 жағдайында ауыл тұрғындарына көрсеткен қолдауы үшін «Біріккен ұлттар ұйымы «БҰҰ –  әйелдер» гендерлік теңдік және әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері жөніндегі құрылымына алғыс айта отырып, техникалық қолдау ауылдағы әйелдер мен қыздардың экономикалық жағдайының жақсаруына оң әсер ететініне сенім білдірді.

«Еңбекшіқазақ ауданының жергілікті қауымдастықтар қоры» қоғамдық қорының атқарушы директоры Бақытгүл Елшібаеваның сөзінше, аталған қоғамдық қор «БҰҰ – әйелдермен» әріптестік шеңберінде ауыл әйелдерінің әлеуеті мен мүмкіндіктерін арттыру үшін заманауи цифрлық технологиялар мен онлайн ресурстарды пайдалану бойынша түрлі семинар өткізген. Семинар аясында ауыл әйелдерінің білімін арттырып, қосымша табыс көздерін табуға мүмкіндік беретін кәсіби  біліктіліктерін жетілдірген.

Техникалық қолдау алған көпбалалаы аналар атаулы көмектің игілігін әлеуметтік мәселерді шешу мен эконономикалық белсенділікті арттыруға жұмсайтындарын айтты. Көпбалалы ана Өмірзақова Жансая Махамбетқызы алған техникалық көмекті пайдалану бойынша болашақтағы жоспарларымен бөлісті.  Бұл ретте Жансая Өмірзақова: «Мен – көпбалалы анамын. 2019 жылдан бастап Еңбекшіқазақ ауданы «Жергілікті Қауымдастықтар Қоры» ҚҚ ұйымдастырған «Берекелі әйелдер» жобасында семинар-тренингтерге қатысып, жеке  дамып, бизнес жоспарын жазуды үйрендім. «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасының «Бастау» жобасында оқып, бизнес саласындығы біліктілігімді арттырдым. Бүгінде «БҰҰ – әйелдер» құрылымының қолдауымен  Hұрлы ауылының әйелдер қауымына компьютерлік сауаттылықты оқыту курсын ашуды жоспарлап отырмын», – дейді. Шара соңында техникалық қөмекке қолы жеткен Нұрлы ауылының әйелдері  қолдау көрсеткені үшін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер Министрлігі мен «Біріккен ұлттар ұйымы «БҰҰ – әйелдер» гендерлік теңдік және әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері жөніндегі  құрылымына шын жүректен алғыс білдірді.

Ерзат АСЫЛ

Оқылды 2172 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « «Ақ кимешек астынан сені көрем...» Әке тәрбиесі »

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет