Дүйсенбі, 23 Мамыр 2022 16:11

Бала балауандар бақ сынады

Жуырда Есік қаласындағы спорт сарайында спорт ардагері Аманбек Саматов атындағы грек-рим күресінен 2007-2009 жылы туған жасөспірімдер арасындағы дәстүрлі ашық республикалық турнир өтті.  Облыстық  бұқаралық спорттық  іс-шараларды өткізу орталығы мен аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі  ұйымдастырған  күрес додасына еліміздің әр өңірінен 480-нен  астам балуан қатысып, 15 салмақ дәрежесінде боз кілемде бақтарын сынады.

Күрес додасына ҚР-ның  еңбек сіңірген жаттықтырушысы, грек-рим күресінен ұлттық құраманың бас бапкері Серік Жұмашев, ҚР-ның  еңбек сіңірген жаттықтырушысы Мұратбек Қасымханов, ҚР-ның  еңбек сіңірген спорт шебері, грек-рим күресінен  әлемнің 5 дүркін жеңімпазы, Азия чемпионы, ҚР-ның жасөспірімдер құрамасының бас бапкері Алмат Кебісбаев, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ҚР-ның аға жаттықтырушысы Нұрым Дүйсенов сынды спорт саңлақтары құрметті қонақ ретінде қатысты.

– Еліміздің грек-рим күресін биік белес-ке көтеру үшін жасөспірімдер арасындағы спорттық додаларға, әсіресе, осындай дәстүрлі  республикалық турнирлерге көп көңіл бөлу қажет.  Осында балаларды алып келіп, оларды жаттықтыратын бапкерлердің орны бөлек. Мұнда сан рет республикалық додадарда жүлде алған жасөспірімдер белдесіп жатыр. Ал бүгінгі жеңімпаздар күні ертең ел намысын халықаралық ареналарда қорғай алады, – деп атап өтті грек-рим күресінен ұлттық құраманың бас бапкері Серік Жұмашев.

Жарыс қатысушылары екі күн бойы өзара мықтыны анықтады. Соңғы ақтық кездесулер қызықты да тартысты өтті. Финалистер бар күшін салып белдесті. Олар керемет әдістер мен жекпе-жектерді көрсетіп, грек-рим күресінің жанкүйерлерін сүйіндірді. Байрақты бәсекенің нәтижесі бойынша жалпыкомандалық есепте бес бірдей бірінші орынды қанжығалаған Алматы облысының бала балуандары топ жарды. Екінші орынға тартысты өнер көрсеткен Ақтөбе облысының балуандары жайғасып, үздік үштікті қос балуаны қарсылас шақ келтірмеген Маңғыстау облысы мен Алматы қаласының спортшылары түйіндеді. Аталған турнирде аудан атынан бақ сынаған Темірлан Аманбек (75 кг) күміс жүлдені жеңіп алса, Ерасыл Фазыл (42 кг) үшінші орынды иеленді.

Жекпе-жек қиын болды, қарсыластарымның барлығы мықты. Жалпы бұл турнирде тек үздік балуандар жиналған. Ақтық бәсеке болғандықтан бар күшімізді салып күрестік. Жарыста бас жүлдені жеңіп алғаным үшін шексіз қуаныштымын, – деп ой бөлісті турнир жеңімпазы Дулат Тұрсынбек.

– Жылдар бойы дәстүрлі түрде ұйымдастырлып келе жатқан бұл турнирдің өресі уақыт озған сайын биіктеп, қатысушылардың саны да артып келеді. Бұл сөз жоқ өңірлік спорттың дамуына ықпал етеді. Алыстан ат арытып келген бапкерлер мен балауандарға алғысым шексіз. Алған  жүлделері құтты болсын! Олардың ертең әлемдік сындарда жеңіс туын желбіретуіне тілектестік білдерімін, – деді  спорт ардагері Аманбек Саматов.                       

Е.АСЫЛ.

Оқылды 2784 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет