Жұма, 21 Қазан 2022 09:08

Алма баққа аса бап керек

Жақында ғана ауданымызға іс-сапармен келген облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев өңіріміздің алма жинаудан жоғары өнімділікке қол жеткізгендігін  айрықша бағалап, алда осы көрсеткішті сақтап қалудың маңыздылығын баса айтқан еді. Әрине, алмадан мол өнім алуға ауданымыздың әлеуеті жеткілікті. Дегенмен, алма өсіретін шаруа қожалықтарына мемлекеттік  қолдаудың  қажет екені шындық.

Бүгінде алма шаруашылығы Бәйдібек би ауылдық округі экономикасының тірегі саналады. Сондықтан бұл аумақта алма бағын өсіріп, өңір экономикасының әлеуеттенуіне жол ашқан шаруа қожалықтары жетерлік. Солардың бірі «Аққазы» шаруа қожалығы. Биыл аталған шаруа қожалығы 28 гектарға жуық алма бағынан 300 тонна өнім алуды жоспарлауда. Бүгінде шарауа қожалығы 4 адамды тұрақты жұмыспен қамтыса, жиын-терін кезінде отыздан аса адамды еңбекке тартады екен. Сонымен қоса, «Аққазы» шаруа  қожалығының 200 тоннаға жуық алма сақтайтын қоймасы да бар.

– Қазір бізде алманың үш түрі өсіріледі. Жақсы өнім беретін алма сорттарын жетілдіру мен бақты суару технологиясын жаңалауға басымдық берігіміз келеді. Сыртқа оңай көрінгенімен, алма өсірушілердің де өзіндік проблемалары бар. Алма өсіре бастаған жылдары осы саладағы біліміздің аздығы мен тәжірибеміздің жоқтығынан қиналдық. Ал кейін біртіндеп, жергілікті тәжірибеге сүйене отырып кәсібімізді дамыттық. Дегенмен, алма сатуды ұйымдастыру, маркетинг, логистика бойынша кейбір қиындықтарға тап болып отырмыз. Әсіресе, сатып алушылар жоқтың қасы. Біз өңірдегі кез келген ауылшараушылық өнімдерін өңдейтін кәсіпорынды шикізатпен қамдауға дайынбыз, – дейді шаруа қожалығының басшысы Нұрлан Әшімов.

Кәсіпкердің сөзінше, биыл алмадан  мол  өнім алынғанымен ауданымыздағы жемістер мен жидектерді өңдейтін кәсіпорындардан тапсырыс тым аз көрінеді. Сондықтан шаруа қожалық иесі алған өнімді жоғары бағада сатуға мемлекет тарапынан қолдау керектігін жасырмады. Осыдан біраз уақыт бұрын ауданымызға сапарлай келген облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев өңіріміздегі жемістер мен жидектерді өңдейтін кәсіпорындардың шикізат тапшылығын көріп отырғанын атап өткен болатын.

Алма бағынан ойдағыдай өнім алу үшін оларға кәсіби күтім қажет. Ол үшін дерт-деребездің алдын алып, білікті агрономдардың кеңесіне үнемі жүгіну керек. Шаруа қожалық иесі алма бақтарына отбасылық бизнес ретінде қарайды. Сол үшін де шаруашылықтың техникалық базасына баса мән беріпті. Алма бақтарына тыңайтқыш беретін, суаратын құрылғыларды үнемі жаңалап отырады екен. Сонымен қоса, барынша сапалы тыңайтқыштарды пайдаланып, көптің көңілінен шығатын өнім сатуға күш салыпты. Оның үстіне кәсіпкер ондаған жылдардан кейін балаларының өзі бастаған жұмыстарын жалғастыратынын біліп, оларды да алма бағын баптауға үйрете бастапты. «Нені ексең – соны орасың» дейді дана халық. Өзі игілігін көрген еңбекке балаларын баулыған Нұрлан Әшімовтың өнегесіне дән риза болдық. «2025 жылға қарай елімізде бау-бақшадан жиналатын жеміс-жидек көлемін 420 мың тоннаға жеткізу жоспары бар. Ол үшін сапасы жоғары көшеттерді таңдап, будандастыру және жерсіндіру мәселесінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыру керек. Сонда ғана ішкі нарықты алмамен толық қамтамасыз етіп қана қоймай, алманы қыруар қаржыға сыртқа сата аламыз. Жастардың да осы салаға белсене араласуына қолұшын беруіміз керек. Қалай десек те, ерінбей еңбек еткен жанның өмірден алар еншісі көп», – дейді  шаруа  қожалық жетекшісі.

Е.АСЫЛ.

Оқылды 2505 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет