Дүйсенбі, 14 Қараша 2022 09:16

Жылыжай — таптырмайтын табыс көзі

Қазір еліміздегі шаруалар халықты көкөніспен, жеміспен толықтай қамтамасыз ете алмай отыр. Сондықтан көрші елдерден  әкелінген өнімдер ел нарығынан өзіндік орын алып келеді. Бүгінгі күні Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің алдына қойылған міндет көп. Соның бірі – ауылшаруашылық өндірісін тұрақты дамыту, әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті және экспортқа бағытталған өнімдер өндірісін ұлғайту.

Ауданымыз жылыжай шаруашылығына ден қойған кәсіпкерлердің қатары молайып келеді. Әсіресе, Шелек өңіріндегі «Жергілікті қауымдастықтар қоры» жылыжай шаруашылығын дамытуға барынша қолдау көрсетуде. Алматы мен аудан тұрғындарын арзан әрі сапалы көкөніс өнімдерімен қамтамасыз етуді басты мақсатына айналдырған Асы ауылдық округіндегі кәсіпкер Марат Мәнсұров көлемі 10 сотық болатын өзінің алғашқы жылыжайын 2018 жылы ашқан. Қазірге дейін жылыжай аумағын 21 сотыққа дейін ұлғайтты. Шаруашылық иесі ең әуелі Шелек өңіріндегі «Жергілікті Қауымдастықтар Қорының» бағдарламасы  аясында арнайы оқыту курсынан өтіпті. Курс барысында  кәсіби мамандардан сабақ алып, жылыжай шаруашылығымен айналысудың қыр-сырын меңгеріпті.

– Өткен жылы мұнда отырғызылған қияр мен қызанақтан жақсы өнім алдық. Сонымен қоса, былтыр жылыжайға құлпынайдың америкалық сортын еге бастадық. Оны желтоқсан айында нарыққа шығардық. Қазіргі жылыжайдағы егілген көшеттің әр түбінен 700 грамм өнім алуға болады. Үш жылдан бері Алматыдағы «Magnum»  және «Метро» сауда орталықтарымен келісім-шарт жасасып, жылыжайдағы көкөніс-терімізді соларға сатамыз. Бүгінде жылыжайда 5 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Негізі жылыжай шаруашылығы ауылдардың әлеуетін көтеруге мол мүмкіндік береді, – дейді кәсіпкер.

Бағбан жігіт құлпынай өсірумен екі жылдан бері айналысады екен. Мараттың  айтуынша, құлпынайға аса бір ерекше күтімнің қажеті жоқ. Тек тұқымды жақсы таңдай білу, түбін жиі-жиі қопсыту қажет. Бұл ылғалды сүйетін өсімдік болғандықтан уақытында суарып, арам­шөптерден қорғау қажет. Тамшылатып суару әдісімен құлпынай өсіру тиімді, аққан су далаға кетпей, әрбір қоршалған құлпынай көшетінің бойына ғана тамады.

Шаруа қожалық иесінің сөзінше, қарапайым жылыжай кешендері әр өңірде болуы керек. Олардың көптігі бәсекелестікке жол ашады. Сонда ғана халықтың өздерінде өскен экологиялық таза әрі сапалы өнімді қолжетімді бағамен сатып алып тұтынуына мүмкіндік туар еді. Оның айтуынша, көкөніс өндірудің үлкен әлеуеттері бола тұра, біз импорттық өнімдерге тәуелдіміз. Бұл салада инвестицияның аздығы сезіледі. Жалпы кәсіпкерлер жылыжайдың болашағы зор екенін ұғынғаны жөн сияқты. Марат Мәнсұров жылыжай салып, халықты көкөніспен қамтамасыз етуді де қарастыруда, алайда, қыруар  қаржы керек. Шаруа оңға басса бұл істі де қолға алуға пейілді. Еңбекқор жігіттің таудай талабы кәсібінің игілігін көруге сендіре түседі.

Е.АСЫЛ.

Оқылды 2988 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет