Дүйсенбі, 07 Тамыз 2023 10:57

Таңбалы тарих

Қазақ  халқының  Жоңғар  шапқыншылығы   салдарынан басынан кешкен ащы қасіреті, босқыншылыққа ұшыраған кезеңі – Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама оқиғасы. Қазақ даласында ұзақ уақытқа созылған экологиялық, экономикалық, саяси, әлеуметтік салдары осы жаугершілік басталардың алдында өте ауыр болды. Үш жүздің саяси-әлеуметтік байланысы әлсіреді. Халықтың әл-ауқаты төмендеп, өндіріс қатынастары құлдырады. Ішкі алауыздық, билікке деген талас-тартыс қауіпті жаудың бар екендігін ұмыттырды. Жоңғар қалмақтарының шапқыншылық жасап, қазақ халқын ақтабан шұбырындыға ұшыратуының бір себебі жеті жылға ұласқан жұттан азып-тозып ашыққан елдің ауыр жайы болатын. Жұттан жұтап шыққан жұрт ес жинай алмай жатқан кезде, Жоңғар әскерінің басқыншылығына тап болды. Жер аздырған жұт пен жұрт тоздырған шапқыншылық қазақ елінің хал-ахуалын мүлде ойсыратып жіберді.

Қаратаудың басынан көш келеді,

Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді.

Қарындастан айырылған жаман екен,

Мөлтілдеп екі көзден жас келеді.

Атадан ұл, енеден қыз айрылды,

Көздің жасын көл ғылып ағызамын,

Елім-ай, Елім-ай.

Мына заман қай заман? Қысқан заман,

Бақыт құсы алаштан ұшқан заман,

Елім-ай, Елім-ай!

Қаратаудың басынан үдере көшкен жұрттың зар-мұңы. Қазақ тарихындағы алапат қасіреттің бірі, кері заман туғызған «Елім-ай» әні. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» Қазақ халқының жер бетінен жойылып кетуге шақ қалған ең ауыр, әрі зұлмат кезеңі болатын. 1715 жылы Үш жүздің баласын бір тудың астына біріктіріп, айналасындағы жауға сес көрсеткен Тәуке хан дүниеден өтеді. Осы тұста Қазақ хандығында ішкі қарама-қайшылықтар туындап, елді берекесіздік жайлайды.ХVІІ-ғасырдың соңында Сыр бойындағы қалаларға жорықтар ұйымдастырған жоңғарлар Тәукенің өлімінен кейін бұл сәтті пайдаланып, Қазақ даласына қайта көз тіге бастайды. Елдегі бытыраңқылықты көрген соң соғыс тактикаларын құрады. Шекара шебін түзеген жоңғардың төртінші қоңтайшысы Цеван Рабтан қазақ жеріне найза, садақпен емес, отты қарулар – зеңбірек, мылтық, қаруланған қолымен басып кіреді. Бұл зобалаң тұста қазақтардың жүз мыңдай қолы шығынға ұшырап, ел ұл-қыздарынан айырылып, мал-мүлкі талан-таражға түседі. Атажұрт, атақонысынан ауып, жаппай босқыншылықа ұшырады. Бұл ұлы басқыншылық қазақ тарихының жадында өшпестей сақталып, тарихта 1723-1725 жылдар «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деген тарихи атпен аталды. 

Жайлауға көшуге қамданған бейқам қазақ еліне 1723 жылдың көктемінде жоңғарлардың қалың қолы тұтқиылдан шабуыл жасайды. Қазақ хандықтарының ыдырап бара жатқанын пайдалана қойған Цеван-Рабтан өз әскерінің қалың қолын Қазақстанға қарай аттандырады. Тарихшы Алексей Левшиннің жазуынша Жоңғария қалмақтары әрқайсысы 10 мың жауынгері бар жау жеті бағытта шабуылға шығады. Олар Балқаш, Қаратау бағытымен жылжып Алтай асып, Көктал өзені бойымен өрлеп, Нұра өңірін қанға батырып, Шелек өзені (Доржы), Есік көлі (Лама Доржы), Шу өңірін таптап (Дода Доржы), тоқтаусыз Іледен өтіп (Севан Рабдан), қарудың күшімен, найзаның ұшымен қазақ жерлерін иемденеді. Жоңғар шабуылына Жетісу мен Ертіс өңірінің қазақтары бірінші болып ұшырады. Шапқыншылар Қазақстанның оңтүстік аудандарындағы бейбіт елді аяусыз қырғынға ұшыратып, Түркістан, Сайрам, Ташкент қалаларын басып алады. Жоңғарлардың жойқын шабуылының нәтижесінде қазақтар шайқас даласында 100 мыңға жуық жауынгерлерінен айырылды, ал қорғансыз халықтың шығыны одан әлдеқайда көп болды.  Жоңғарлар ауылдарды өртеді. Малды айдап әкетті, бейбіт халықты қара шыбындай қырып салды. Өйткені жоңғарлардың шабуылы күтпеген жерден бірден төтенше басталған болатын. Сондықтан да амалы қалмаған Қазақтар малына да, үй-жайларына да, дүние-мүліктеріне де қарай алмай, бас сауғалап қашуға мәжбүр болады.

Жау әскерлерінің сан жағынан тым басым болғанына қарамай, қазақ жауынгерлері кескілескен ұрыс салып, қатты қарсылық көрсетті. Жау қолына ешкімнің де берілгісі келмейді. Қазақ жауынгерлері шегіне түсіп, қорғаныс соғыстарын жүргізді. Олар әйелдерді, балаларды, карттарды жаудың өкшелеп қууынан құтқару үшін қырғын соғыс салды. Ташкент қаласының тұрғындары қазақ әскери жасақтарының басшылығымен қаланы жаудан бір ай бойы дерлік қорғады. Жоңғарлар Ташкенттен кейін Сайрам, Түркістан сияқты басқа да қалаларды басып алды. Жаудың жойқын соғыс қимылдарын жүргізуі нәтижесінде Қазақстанның шөлді және таулы аймақтарынан өзге бүкіл аумағы іс жүзінде жоңғарлардың қолына қарады. Салыстырмалы түрде алғанда Қазақстанның батысындағы алыс аймақтар ғана аман қалды.

Қазақ халқы өсіп келе жатқан кезінде алғаш рет қатты жаугершілікке ұшырап, «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» жылдарына тап болды. Осы екі жылдың қияметі халқымыздың тірнектеп жинаған санының жартысын жоқ етіп, оны демографиялық деңгейі жағынан өте төмен түсіріп тастады. 1725 жылдан бастап, сәтті демографиялық кезең қайта Ақтабан шұбырындының шығыны 100 жылда әрең тоқтады.

Мыңдаған адам қырылды, тұтқын ретінде айдалып кетті. Жүздеген, мыңдаған ауыл қатты күйзеліске ұшырады, мал-мүлік талан-таражға түсті, гүлденіп тұрған қалалар жау қолында қалып, аяусыз қиратылды. Қазақтар қырғыннан аман қалу үшін елдің батыс аймақтарына қарай жылжып, Жайық бойына дейін жетті. Қазақтардың жаппай қоныс аударуы Ресей империясын және оның қол астындағыларды – башқұрттар мен қалмақтарды едәуір мазасыздандырды. Патша үкіметі өзіне бодан болған халықтарды қорғау үшін бірқатар кешенді шаралар қабылдады. Шекара күзеті күшейтілді, Орал аймағында жаңадан әскери бекіністер салу шаралары қолға алынды. Қазақтардың едәуір бөлігі Орта Азия мемлекетінің аумағына қарай ойысты. Жоңғар қысымымен қазақ ауылдары туған жерлерін тастап, Ұлы жүз бен Орта жүз Сырдариядан өтіп, Ходжентке, Орта жүз рулары Самарқандқа көшеді. Кіші жүз рулары Хиуа мен Бұқараға, Торғай, Жайық өзендеріне жылжиды. Тарихта бұл шапқыншылықтан, аштықтан қазақ халқы үштен екі бөлігінен айырылып қалған. Жоңғар шабуылының өрт-жалыны өзбектерді де, қырғыздарды да, қарақалпақтарды да шарпығанымен ең ауыр соққы қазақтарға берілді. Тарихта бұрын болып көрмеген алапат құбылыс – қазақ халқының үдере қашқан босқыншылығы туды. Қазақтар бұл апаттың сырын түсінді, жасанған жауларына қарсылық жасап бақты, ұрпағын қырғыннан аман алып қалудың амалын іздеп қарманды.

«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаның» шырғалаңы мен аласапыраны қазақтардың еркіндік пен ерлік рухын шыңдады. Ұлт перзенттері бардың басын қосып, халық бірікпей тірлік болмайтынын түсінді. Қазақ  хандығы  (XVғ.) түрінде мемлекеттілігін қалыптастырған қазақ халқына 1723-1725 жылдары елдігінен айырылып тарих бетінен мүлде жоғалып, шағын этностық топқа айналу қаупі төнді. Алайда, экономикалық, саяси, әлеуметтік, демографиялық ауыр дағдарысқа ұшырап, есеңгіреген қазақ елі етек-жеңін тез арада жинап, жаумен шайқас майданына шықты. Ар-намысы аяққа басылып, ақтабан болса да, қазақтар жағы өзінің елдігін, тұтастығын жоймайды.

Өз   күшіне бірте-бірте енген қaзaқтaр 1726  жылы үш жүз бaтырлaры, қолбaсшылaры бірігіп, құрылтaй өткізеді. Осы құрылтaйдa әр рудың бaсшылaры жaуғa қaрсы aттaнуғa бел буып, шешім қaбылдaйды. Сол кезден бaстaп жоңғaрлaрды бірте-бірте қaзaқ жерінен қуa бaстaйды. Сол кездегі қaзaқ бaтырлaрының көрсеткен ерліктері, қaзaқ хaлқының бірлігі «Aңырaқaй» шaйқaсындa жеңіске жетуге себеп болды. Бұл оқиғa қaзaқ есінде мәңгі қaлaтын өшпес із болмaқ. Қaзaқтaрдың қaйтпaс қaйсaрлығы, еліміздің осындaй бейбітшілік күнде өмір сүріп жaтқaнымыздың жемісі. Aқтaбaн шұбырынды оқиғaсының мәңгі тaрихтa қaлуы ұлы жеңіске жетуінің, ұлы дaлa болуының бейнесі ретінде есте сaқтaлaды. «Aқтaбaн шұбырынды, Aлқaкөл сұлaмa» оқиғaсының бaстaлуы мен aяқтaлуы турaлы деректерді жинaқтaй келе жоңғaрлaрдың қaзaқ жеріне шaбуылы біржолa тоқтaғaнын көреміз. Жоңғaр елінің ішкі aлaуыздығын тудыру aрқылы, сыртқы қорғaныстaрын әлсіретіп жaулaп aлғaн қaзaқ жерлерін қaйтaрып aлды. Жоңғaр шеріктерінің негізгі күштері Цинь империясымен болғaн шaйқaстaрдa шыңдaлды. «Жоңғaр хaндығының тaрихы» aтты еңбектің aвторы И.Я.Зпaткиннің aйтуыншa, XVIII 20-жaлдaрынa дейін жоңғaрлaр Шығыс Түркістaн хaлықтaрын, қырғыз, тувa, aлтaйлықтaрды өзіне бaғындырды. 30-жылдaрғa қaрaй Жоңғaрия Еурaзиядaғы күшті көшпелі держaвaлaрдың біріне aйнaлды. Бұл кезеңдерде Жоңғaр мемлекеті бір мезгілде Қытaй, Қaзaқ хaндығы және Ортa Aзия билеушілерімен соғыстaр жүргізіп, Ресейдің солтүстік шекaрaлaрынa қaуіп төндірді. Олaрдың Сібір мен Aлтaйдaғы бекіністеріне жиі шaбуылдaп отырды. Жойылып кетушілік қaуіпі қaзaқ хaлқын біріктірді. Қaзaқ қоғaмындa ерекше бірігу рухы пaйдa болды. 1723-1724 жылдaрдaғы ірі жеңілістерден соң aсығыс түрде жер-жерде жaсaқтaр құрылa бaстaды, олaрды хaлық aрaсынaн шыққaн мықты бaтырлaр бaсқaрды.

1726 жылы Әбілқайыр, Бөгенбай, Қабанбай, Саурық, Наурызбай, Жәнібек, Малайсары және басқа да сұлтандар мен батырлар бастаған қалың ел жоңғарларға қарсы майдан ашып, Бұланты мен Бөленті өзендерінің жағасында қалмақтарға қарсы тегеурінді соққы берді. 1727 жылы қазақтар Қаратауды қайтарды. Хан тауына Орда тігіп, Аңырақай даласында ұлы жеңіске жетті. 1729-1730 жылдары қазақтың қарулы қолы қалмақтарды қатты қырғынға ұшыратып, бас көтертпей тас-тады. Осындай ұлы күрестің нәтижесінде қазақтар өзінің елдік сипатын, халықтық қасиетін қалпына келтіріп, атажұртын сақтап қалды.

 

Перизат ӘБДІЛ-ӘШІМ.

Оқылды 5510 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Құрбандықтан құлшылық құтқарған Вспомним их поименно… »

Соңғы жаңалықтар

Сәу 25, 2024

Ел бірлігі – ел теңдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының…
Сәу 25, 2024

Савелий КАРАСАВИДИ, председатель…

На ХХХІІІ сессии Ассамблеи народа Казахстана Президент РК Касым-Жомарт Токаев отметил,…
Сәу 25, 2024

Мызғымас бірлік – алынбас қамал

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы…
Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…
Сәу 22, 2024

Қоғамды түзеуді өзімізден бастайық

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел азаматтарын «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы…
Сәу 22, 2024

Экологиялық мәдениетті артыруымыз…

Қоғамды жаппай тазалыққа шақыру өте өзекті мәселе деп есептеймін. Біз ұстаздар…
Сәу 19, 2024

Жастарды жат ағымдардан сақтау –…

Дін саласы – қоғамдағы күрделі әрі нәзік дүние. Сондықтан дін айналасындағы мәселелер де…
Сәу 19, 2024

Мәһір маңызды ма?

Соңғы кездері әлеуметтік желіде жастар арасындағы мұсылмандық неке қию рәсімінде…
Сәу 19, 2024

Науқан жалғасуда

Тазалық – саулық кепілі. Иә, тәнімізді һәм жанымызды таза ұстаумен қатар, өзіміз өмір…

Күнтiзбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет