Дүйсенбі, 18 Қаңтар 2021 09:51

Тұйық бала: тіл табысу жолдары

Тұйық бала: тіл табысу жолдары Сурет интернеттен алынды

Балаңыз өзге балалармен бірге асыр салып ойнаудың орнына оқшауланып, шетте тұра ма? Тез тіл табысып кететін көпшіл балалардан ерекшеленіп, томаға тұйық өз әлемінен шықпай ма? Демек, балаңыз, ғылыми тілмен айтқанда – интроверт. Оның осы ерекшеліктерін қалай білуге болады?

Балабақшада интроверт балалар тақпақ айтудан қашқақтауы мүмкін. Мектепте біліп тұрса да, мұғалімнің сұрағына жауап бермеуі де ғажап емес. Танымайтын адамдардың алдында күмілжіп, қобалжиды. Мұндай балалар көбіне жалғыздықты жандарына серік етеді. Тасада отырып, компьютер ойнап немесе конструктор құрастырғанды ұнатады. Ал кейбір ата-аналар сәбиінің бұл мінезінен шошып, қорқа бастайды. 

Интровертті қалай тануға болады?

Сіздің балаңыздың денсаулығында кінәрат жоқ. Тек ол – интроверт. Егер экстраверттер көпшілікпен араласу арқылы күш-қуат жинаса, интроверттер, керісінше, жалғыздықды жанына серік етеді. Ерекше балалардың ата-аналары көбінде «сәбиім жатырқауық, елмен араласа алмайды» деп уайымдайды. Қамықпаңыз! Психологтар интроверттерде көпшілікпен араласудың өзіндік тәсілдері барын ескертеді.

Интроверт балалардың ерекше қасиеттері:

  • сәби ата-анасының күні бойы өзімен алысып ойнағанын ұнатпайды, ұзақ уақыт үлкендерсіз отыра береді.
  • балалардың у-шуын ұнатпайды. Дегенмен, жанында жақын бір-екі досы болады.
  • жалғыздықты жаны сүйеді.
  • жиын-тойларды жек көреді. Ондай жерлерден шаршап қайтады.
  • мектепте болған жағдайларды ата-анасына айта бермейді. Әңгімеге тарту оңай емес.
  • бірдеңе айтпас бұрын ұзақ ойланады. Егер әңгімелесуші ұнаса, ұзақ, әрі ашылып сөйлесе бастайды.
  • ол үлкен аудитория алдында сөйлегенді ұнатпайды.
  • ұзақ ойландыратын, шешуі қиын ойындарды ұнатады. Пазл, конструктор құрағанды, сурет салғанды жақсы көреді.

Өз балаңызды тани бастадыңыз ба? Құттықтаймыз, өйткені интроверттер бойынан өте көп жақсы қасиеттерді көруге болады. Мысалы, олардың мінезі салмақты, ой-өрісі  дамыған, шығармашыққа жақын әрі сабырлы, төзімді. Мұндай сәбилерден болашақта ақын, жазушы, суретші және архитектор, математик, психолог, инженер, дизайнерлер өсіп шығады. Ал олардың осы ерекшеліктерін шыңдай түсу үшін ата-аналар алдымен балаларын сол қалпында қабылдап, тіл табысу қағидаларын ескергендері жөн.

Жатырқауық па, әлде ұялшақ па?

Интроверт балаларды ұялшақ деп қабылдап жатамыз. Шындығында олай емес. Тек олар жалғыздықты жақсы көреді. Интроверттер қажет кездің өзінде белсенділік таныта алмайды. Жаңа орта, танымайтын адамдар, кез келген жаңашылдық оны тығырыққа тірейді. Ұяңдық соңы өзіне деген сенімсіздікке алып келеді. Елдің ойынан, сөзінен қашқақтаған мұндай балалар тіпті жеңіл қалжыңды да көтере алмайды. Cондықтан мұндай кезде оларға ата-ананың көмегі ауадай қажет. Балаңызға тым биік талаптар қоймаңыз, әр уақытта қолдап отырыңыз.

Тұйық баламен тіл табысу тәсілі

  • ОНЫҢ ЖЕКЕ АУМАҒЫ БОЛУЫ КЕРЕК. Баланың жалғыз қалып қуаттануына кедергі келтірмеңіз. Жеке бөлмесі болғаны дұрыс. Егер ондай мүмкіндік болмаса, ең болмаса, өзінің демалатын, жұмыс істейтін бұрышы болуын қадағалаңыз.
  • МАЗАСЫН АЛМАҢЫЗ. Ол жұмыс істеп жатқанда кедергі келтірмеңіз. Алдын ала келісіп алыңыздар. Оның бөлмесінің есігіне «Кедергі келтірмеңдер» деп жазып қоюға болады. Міне, осындайда ол өзін қауіпсіз сезінеді.
  • Қорған болыңыз. Әрине, балалар алаңында, мектепте балаңызды жеке дара ұстау мүмкін емес. Дегенмен, ол өзінің қорғаушысы барын сезінуі керек. Егер абайсызда оған біреу тиіссе, ол тез жылай салады, не болмаса, оған қарсы шығып, ұрып жіберуі де мүмкін. Мұндай кезде балаңызды қорғап қалыңыз. Оның мінезіндегі ерекшеліктері туралы мұғаліміне есерткеніңіз жөн.
  • Ойлануға уақыт беріңіз. Ұстазымен сөйлесіңіз. Өйткені интроверттер біліп тұрса да, жауап бере алмауы мүмкін. Мұғалім балаңыздың білімін тексеру үшін жазбаша түрде тапсырмалар бергені дұрыс. Сондай-ақ ойлануына кедергі келтірмегені жөн.
  • Ойынға араласу үшін өзіне мүмкіндік беріңіз. Өзге балаларға тез қосылуын талап етпеңіз. Сыртынан бақылатыңыз, ойынның шартын, ережесін түсінген соң ол өзі-ақ көпшілікпен араласып кетеді. 
  • Мереке, Мереке! Әлбетте әрбір ата-ана баласының мектептегі қойылымдарда басты рөлді сомдағанын, үйдегі отырыстарда тақпақ айтып, күй шерткенін қалайды. Ал интроверт бала мұндай кезде қатты қысылып, қойылым ортасында сахнадан қашып кетуі мүмкін. Сондықтан оны көпшілік алдына шығуға күштеп итермелемеген жөн.
  • Қызықтарды аз-аздан ұсыныңыз. Интроверт бала бір күнде бірнеше оқиғаны бастан кешіре алмайды. Сондықтан қыдырудың өзін алдын-ала жоспарлап алыңыздар. Балаңыздың шаршамауы үшін жағдай жасағаныңыз жөн. 
  • АСЫҚПАҢЫЗ! Тұйық баланы асықтыруға болмайды. Көрген білгенін сұрап есін шығармаңыз. Уақыты жеткенде ол өзі-ақ бәрін айтып береді.
  • Айтылған сөз атылған оқпен тең. Тұйық балалар өз қатарластарына қарағанда ұяң келеді. Айналасындағылардың жеңіл қалжыңдарының өзі оның көңіліне қаяу түсіреді. Сондықтан сәбиіңізді өзге балалармен салыстырып, оның шамына тимеңіз.

Дайындаған: Құралай МҰРАТҚЫЗЫ

Оқылды 5566 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Сәбиіңді өзің әлдиле, ана! Сыйлықтардың төресі не? »

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет