Сәрсенбі, 25 Қараша 2020 14:37

Сәбиіңді өзің әлдиле, ана!

– Қазақта «Бала — көңілдің гүлі, көздің нұры» деген аталы сөз бар. Бабаларымыз ұрпақтың жалғасы, перзентке берілген тәрбие – елдің болашағы деп қараған.  Абайдай дананы тәрбиелеген Ұлжан мен Зеренің жолы көпке үлгі болса керек. «Алайда, ғасырда бір туатын тұлғаның қалыптасуына ата-ананың ықпалы басым боларын қазіргі қоғам ұмытып бара жатқандай, − дейді Асысаға ауылының тұрғыны, 10 баласын өсіріп, 31 немере, 23 шөбере сүйген әже Наурызхан Алмабекқызы.

Наурызхан Алмабекқызы 82 жаста. Бүгінге дейін өзінен туған перзенттеріне тәрбие беріп, жетілдірді. Енді, немере-шөберелерінің ортасында, солардың тәтті қылығына тоймай, қарттықтың ең бір ғажап үлгісін кешіп жатыр. Олай болса, асыл әженің қазыналы әңгімесін тыңдап көрдік.

«Көпке топырақ шашқым келмейді. Алайда, қазіргі жастардың мына қылығына көңілім тойыңқырамайды», − деп бастады Наурызхан әже сөзін. Онысы «Әке-шешенің перзенттерін бөгде адамға, яғни бала күтушіге тапсырып қоюы» болып шықты. Осы тұста, бірі «жұмысын, уақыттың жоқтығын» сылтаурататын болар. Дегенмен, үлкендердің өсиетіне де мән беріп көрейікші. Жазушы Мұхтар Әуезов: «Алдыңғы жақсы артқы жасқа тәлім айтпаса, ел болғаның қайсы?!» деген екен. Мұндағы «тәрбие» ұғымына терең бойласақ, ол жай ғана баланың уақытылы тамақтануын, сүрініп, құлап қалмауын қадағалау емес. Алдағы өмірінің іргетасын қалау болса керек.

«Бала күтуші сәбиге әке мен шеше беретін махаббатты бере алмайды. Тіпті болмаса, баланы зейнеттегі ата-әжеге берсін. Ол үлкен – институт. Қазақта тұңғышын ата-әженің қолына тапсыру дейтін дәстүр болған. Ата-әже тәрбиесін көрген бала өз ортасынан ерекшеленіп тұратын болады. Өйткені үлкендердің қасында жүріп, небір даналық сөзге қанып өседі. Жылы-жұмсағын немере-шөбересіне беріп, бесік жырымен әлди-леп, жыр-ертегіге сусындатқан қарттар қандай бақытты деймін?! Ертеңіне сенімді болады. Еркелеп  өскен бала да, қылығын қызықтаған әже де риза. Үкілеген үміт пен тілекті бір әуенге сыйдыра біліп, бесігін тербеткен қазақтың даналығына таңқалуымыз керек. Өкінішке қарай, салтымызға сүйсініп таңқалуды былай қойғанда, тосырқап қарайтындар көбеюде. Онымен біз ұтылмасақ, ұтпасымыз анық. Өзгенің мәдениетімен күн кешерміз, алайда, өмір сүре алмаймыз. Мұндайды «біреудің қаңсығын таңсық көрді» дейді. Түбі жақсылыққа бастайтын ғұрпымыздан аттамауға үндер едім. Балаңды өзің әлдиле! Ол үлкен бақыт екенін түсініңіздер», − деп тілегін жеткізді абзал әже.

Алтын құрсақты әженің сөзінде шындық бар. Негізінде, бала күтушісіне байланысты қылмыстық істер жиі ұшырасып жатады. Бөтеннің мүлкін ұрлау, тіпті, бала ұрлау әрекеттерінің барын бұған дейін көз көріп, құлақ естіп жүрген болар. Ендеше, баламызды жаттың қолына жатырқамай қалай ұсына саламыз. Бұл туралы сіз не дейсіз, оқырман?

 

Ілия СҰЛТАН

Оқылды 1017 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Парасат падишасы Тұйық бала: тіл табысу жолдары »

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет