Сейсенбі, 20 Сәуір 2021 11:04

Ұлттық тәрбие – ұлт болашағы

Ұлттық тәрбие – ұлт болашағы Сурет интернеттен алынды

Қазақ елінің болашағы жас ұрпаққа ұлтымыздың тектілігін, дарындылығын, кеңпейілділігін ары қарай дамыта отырып, қазақтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптары арқылы сол құндылықтарды құрметтеуді, дінін, ділін берік ұстануды тәрбиелеуде және халқымыздың асыл қазыналарын сақтауды, қорғауды үйретуді тек мектепке дейінгі кезеңде және мектеп кезінде ғана оқытып қоймай, оны ары қарай да жетілдіру – негізгі міндетіміз.

Бүгінгі таңда ұрпақ тәрбиесіндегі басты мәселе – ұлтымыздың болашақ азаматтарын рухы биік, адамгершілігі мол, саналы тұлға ретінде қалыптастыру. Заманауи тәрбие жүйесі қысыммен болмауы керек. Баланың өзі қатыспайынша, өз мүмкіндіктері мен табиғи дарынын біліп, өз алдына мақсат-міндеттер қойып, өзі әрекет етпейінше нәтиже шығару мүмкін емес. Сондықтан да тұлғаның өзіндік әрекеті мен оның өзін-өзі тәрбиелеуі – тәрбие жұмыстарының маңызды аспектілерінің бірі болып табыла-ды. Бұл мәселелерді шешуде, ең алдымен, отбасына, балабақша басшылығы мен тәрбиешілеріне, мектеп мұғалімдеріне үлкен міндет жүктеліп келеді.

Жеке тұлға қалыптастыруда ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу маңызды. Ұлтжандылық дегеніміз – адамның өзінің араласқан белгілі бір саяси, мәдени және әлеуметтік ортасына – Отанына деген аса терең сезімі. Біз жас ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелей отырып, жастардың азаматтық санасын қалыптастыруға, болашақ саяси білімдерін жетілдіруге, өз азаматтық құқықтары мен міндеттерін, туған жердің, өскен елдің табиғатын аялай білу сезімін тәрбиелейміз.

Ұлттық тәрбие алған ұрпақтың дені сау, ақылды, білімді, ұлтжанды, еңбекқор, кішіпейіл болып өседі. Халықтың өмірін, рухын және тілдерінен тұратын ішкі заңдары, оның ұлттық мінезін, болмысын таныту бүгінгі таңда жастарымыздың тәрбиесіне берер пайдасы мол.

Отбасынан алған тәрбие балабақшадағы тәрбиемен, одан мектеп тәрбиесімен жалғасын табады. Мектеп тәрбиесінде ұлттық тәрбиеге, мемлекеттік тіл мен қоғамдық ой-мақсаттарға ерекше көңіл бөлінеді.

Салт-дәстүр дегеніміз – халықтардың кәсібіне, сенім-нанымына, тіршілігіне бай-ланысты қалыптасқан ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отыратын қоғамдық құбылыс. Ол ұлттың ұлт болып қалыптасуымен бірге туып, бірге дамып келе жатқан тарихи және көне үрдіс. Адамның бүкіл өмірі мен іс-әрекеттері салт-дәстүрлерден өзекті орын алып, адамның дүниетану көзқа-расын қалыптастыратын тәрбие мектебі болып табылады.

Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесі балабақшада әр жас ерекшелік топтары бойынша аталып өтіледі. Ұлттық ойындар ойналып, оның ерекшеліктерімен таныстырылады. Өзге ұлт өкілдерінің балалары да бұл мерекеге белсене қатысады.

Біздің тәрбиешілеріміз бен тіл мамандарымыз ұлттық құндылықтарды бала бойына дарытуда тынбай еңбектеніп келеді. Қыздарымыздың талпыныстары мен белсенділігін байқап, оларды қолөнерге баулудамыз. Ұлттық бұрыш арқылы балаларға қазақ халқының ұлтық бұйымдары мен салт-дәстүріне қатысты қолданылған көптеген мәліметтермен таныстырамыз. Жыл сайын өткізілетін қазақ тілінің мәртебесін арттыруда және маңыздылығын ұғындыруда «Қазақшаң қалай, балақай?» атты  аудандық байқауға  қатысып, жүлделі орындардан көрініп келеміз.

 Тіл мен дінді, ділді, дәстүрді қатар алып жүргенде ғана біз нағыз ұлттық болмысымызбен әлемдік төрге шыға аламыз. Елімізді кемелдендіріп, рухани жағынан өсуіне ықпал етуге және дамыған елдің бірі болуға мүмкіндігіміз болады.

К.Ушинский жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беріп, олардың жан-дүниесін дамыту жайында «әрбір халық пен ұлт өз ана тілі мен салт-дәстүрін қастерлеп, тарихи даму жағдайына орай білім беріп, тәрбиелеу керек» деп ой қорытады.

Баланы тәрибелеуде отбасы басты рөл атқарғандықтан, ұлы М.Әуезов те отбасы тәрбесін ерекше бағалап, «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген.

Сол себепті де баланы балабақшаға берер сәтте ата-ана ойланулары қажет. Ол өз ұлтын, отбасын, жерін, елін сүйіп өсер азамат болып тәрбиеленуі үшін, бала өз ана тіліндегі балабақшаға бару қажет. Бүгінде барлық балабақша қоры ұлттық болмыспен қамтамасыз етілген яғни, ұлттық ойындар ойнатылып, ұлттық ертегілер, ұлттық ойыншықтармен, тіпті тәрбиелік маңызы зор қойылымдар да қойылады.

Болашақ еліміздің ертеңі, мақтанышы болар жас ұрпақты ұлттық құндылықтармен сусындату әрбіріміздің басты парызымыз. Ұлттық құндылық-тарды қадірлей білетін, оның маңызын  түсінетін, салт-дәстүрді терең меңгерген ұрпақтан «елім дейтін ер» шығары анық.

 

Жанар Дарқанбаева,

«Айгөлек» бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі

Оқылды 6434 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет