Дүйсенбі, 13 Қыркүйек 2021 11:41

Ұлттық мұраны жалғаған өнегелі жанұя

Қазақ халқында «Отан – отбасынан басталады» деген дана сөз бар. Рас, әр азамат үшін Отан деген ұғымнан кейін отбасы тұрады. Отбасы – Отанның әрбір мүшесін дүниеге әкеліп, қанатын қатайтып, ортаға қосатын маңызды орта. Дананың да, ғалымның да ең алғаш тәлім-тәрбие алып, өмірге көзқарасы қалыптасатын орын ол – отбасы. Сондықтан қазақ қоғамында отбасы құндылығына ерекше назар аударылған. Бүгінде бұл игі іс өз жалғасын тауып, қыркүйек айының екінші жексенбісі Отбасы күні болып белгіленді. Осы орайда, ауданымызда атадан қалған мұраны жалғап келе жатқан, жалпыұлттық «Мерейлі отбасы» байқауында облыс бойынша бірінші орын алған  Нұра ауылындағы Исабековтер отбасы жайлы сөз қозғамақпыз.

Исабековтер отбасының отағасы Исабеков Мұхамед Баетбайұлы өз сөзінде құсбегіліктің қыр-сырымен қанықтыратын «Жеті қазына» мұражайы және саятшы клубының  жұмысы  жайлы тарқата айтып берді.

«Жетіқазына» саятшы  клубы 1995 жылы құрылып, 2003 жылы мұражайы ашылған. Бүгінде клубқа 11 құсбегі мүше. Сондай-ақ түрлі жарыстарға қатысатын 11 қыран бүркіт және бар. Осы клубтың жетекшісі, ең жас құсбегі Қуаныш Исабеков құсбегілік өнер кез келген адамға берілмейтін ерекше өнер дейді. Бабамыз Шора деген кісі исі қазаққа аты таныс құсбегі болған екен. Халық ауызында: «Аспанға ұшсам қанатым талады, жерге қонсам Жалайыр Шора алады», деген сөз қалған. Әкеміз Исабеков Дайыртай Ұлы Отан соғысының ардагері, халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының тобында болған. Өзі «Жетісудың көк қасқасы» деген бүркітін өмірінің соңына дейін баптап, аңшылықпен шұғылданды. Әке жолын біз жалғастырудамыз. Қазір «Жеті қазына» саятшылық мектебіміз бар. Осы мектебіміздің жетістігінің бірі  – 2007 жылы Англияның Лондон қаласына 33 елдің алдында Қазақстанның намысын қорғап, ел алғысына бөленіп, іздің саятшылық жетістіктеріміз жайлы «Taims» газетінің алғашқы беттерінде жарық көрді. Фестивальде бала алақанын шапалақтап тұрғанда мен бүркітке қанатын қаққызып едім, тамсана таңдай қақты. Қуаныш деген балам Францияда өткен байқауда атқа мініп, саятшылықты дәріптеп қайтты. Альберт, Маделен Фишлер деген екі шетел азаматы келіп, бүркітке, саятшылыққа деген қызығушылықтарын білдіріп қайтты», – деп аяқтады өз сөзін. 

Жалпы, құсбегілікті меңгеру оңай дүние емес. Бұл күрделі де, қиын кәсіп. Бұны қызыққан, шыдаған адам ғана бағады. Қолдан томаға тартқанда ұшқан қыранды көріп, бұрынғы қиыншылықтардың бәрі бір сәтке ұмытылады, жан рахатын табасың. Қыранның қасиеттілігі соншалық, сипап отырғанның өзінде адамға жақсы әсер береді. Қазақ халқының қыранды ежелден қадірлеп-қастерлеуінің де өзіндік орны бар.

Халқымызда «Өнегелі отбасы – елдің тұтқасы» деген дана сөз бар. Ізгілікті, өнегелі, мерейлі отбасылар қашан да көпке үлгі болуы тиіс. Үйелмелі-сүйелмелі бала-шағаны бір шаңырақта өсіріп, ер жеткізіп отырған ата-ананың еңбегі ерен. Олар бір-біріне бауырмал болып келеді. Кең-байтақ жерімізге ие болатын ұлағатты ұрпақ өсіру – бәрімізге міндет.

 

Нұргүл САБАҚАНОВА

Оқылды 5349 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Ұлттық тәрбие – ұлт болашағы Өнегелі ғұмыр »

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет