Сейсенбі, 24 Қаңтар 2023 15:23

Ел боламын десең, бесігіңді түзе

Бала – ата-ананың көз қуанышы, жүрегінің нұры, жанының бір жапырақ бөлшегі. Олар әрдайым ата-анасынан мейірімділікті, сүйіспеншілікті, жүрек жылуын қажет етіп, соларға қарап, еліктеп өседі. Сол себепті де отбасының бала тәрбиесінде алатын орны ерекше.

Ислам діні бойынша ұрпақты дұрыс тәрбиелеу – ата-ананың басты міндеттерінің бірі. Қасиетті Құранның «Уа, иман келтіргендер! Өздеріңді һәм отбасыларыңды (имандылыққа, адамгершілікке баулу арқылы) отыны адамдар мен тастардан тұратын алапат оттан қорғаңдар! ...» деген аяты да осы мәселемен тікелей байланысты.

Ардақты пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бір хадисінде былай дейді: «Сендердің әрқайсың бақташысыңдар және сендердің әрқайсыларың баққандарыңа жауап бересіңдер: әмірші өзінің қол астындағыларға бақташы саналады, еркек өзінің жанұясының бақташысы, әйел де күйеуінің үйінде бақташы, әрі өзінің бақташылығына және оның балаларына жауапты. Сонымен, әрқайсың бақташысыңдар және әрқайсың баққандарыңа жауапкершілік көтересіңдер». Екі дүние сардарының (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) тағы бір хадисінде: «Ешбір әке баласына жақсы тәрбиеден артық мұра қалдырған емес» деп келтірілген. 

Асыл дініміздің қайнар бұлақтарынан сусындаған қазақ халқы да бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлетіні белгілі. Қазақ әдебиетінің классигі, заңғар суреткер, біртуар жазушы Мұхтар Әуезовтің «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген мәні зор, мағынасы терең нақылы – осы сөздеріміздің айқын дәлелі. «Шыбықты қалай исең, солай иіледі» деген сөзді ескерген ата-бабамыз, өскелең ұрпақты тәрбиелеуде, ар-ұят, ұждан – иманның кілті деп санап, балаға жастайынан ерекше көңіл бөлген.

Ұл баланың тәрбиесімен әкесі немесе ағалары айналысып, оның бойына ерлерге тән ойлау жүйесін, жігіттік болмыс-бітім, мінез-құлықты сіңіруге тырысқан. Қыз баланың әдепті, ибалы, инабатты болуы өсуін анасы, әжесі немесе жеңгесі қадағалаған. 

Ұлды да, қызды да өтірік айтпауға, біреудің ала жібін аттамауға, ұрлық жасамауға баулыған. Олардың санасына кішіпейіл, қанағатшыл, қамқор, ізетті бол деп жалықпай айта берген. Үлкеннің алдынан кесіп өтпеуді ұқтырған. Бұл біздің халқымыздың жазу-сызу әлі дұрыс дами қоймаған дәуірлерден бері келе жатқан даналығы. Өскелең ұрпақтың иманды болуына баса назар аударып, Алланың құлы, пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) үмбеті екенін есіне салып отырған.

Хәкім Абай: «Адамның жақсы болуы тегінде емес, тәрбиесінде, ақылында, өнер, білімінде. Адамға үш алуан адамнан мінез жұғады: ата-анадан, ұстазынан, досынан. Әсіресе олардың қайсысын жақсы көрсе, содан көп жұғады», деген екен. Сол себепті ата-ананың баламен үнемі байланыста болуы – тәрбиенің әмбебап шарты. Ұрпақ тәрбиесі – ұлт тәрбиесі екенін ұмытпайық. Заманның бағыт-бағдарымен, тыныс-тіршілігімен бірге жүрсек те, жас ұрпақты рухани уызға қандырып, ұлттық құндылықтарға құштар ете білейік.

Мадияр ПІРІМҚҰЛОВ, 

Алматы облысының бас имамы.

             

 

Оқылды 2806 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Оқырмандар клубы Рухани азықты ұмытпайық! »

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет