Бейсенбі, 02 Ақпан 2023 10:38

Рухани азықты ұмытпайық!

2022 жылы болуы керек, теледидар көріп отырсам, әкім бе, әлде әкім аппаратындағы лауазым иесі ме, білмедім, бір бастық: «Жетісу газетінің сапасы нашар, мақалалар мазмұны тартымсыз болуы керек. Сол себепті газетке адамдар аз жазылады. Өзің бірнеше жылдан бері бас редактор болып істеп келеді екенсің, осы айтқан мәселеге көңіл бөл!» – деп айтқанын естігенім бар. Меніңше, мәселе газеттің сапасы, мақалалардың жадағайлығында емес, адамдардың мына нарық заманында, ақша табудың соңына түсіп, рухани азық алуды ысырып қоюдан ба деп ойлаймын.

Мен Асы округіне қарасты Қайрат ауылында турамын. Он бес жасымнан бастап газеттерге мақалалар жазып, штаттан тыс тілші атандым. Қазір жасым 81-ге толды. Өткенде аудандық «Еңбекшіқазақ» газетіне жазған мақалам шығып, сол нөмірді іздеп ауыл поштасына барып сұрасам: «Биыл бұл газетке екі-ақ адам жазылды», – дейді. Оның бірі – мектеп директоры Ази Марупов та, екіншісі – сол оқу орнының тәрбие жөніндегі меңгеруші, ұстаз А.Азнабақиев екен.

Мен мектепте 41 жыл ұстаздық еттім. Сол жылдары ауыл адамдары, мұғалім, дәрігерлер түгел болмаса да, басым көпшілігі аудандық, республикалық, басқа да салалық басылымдарға жазылатын. Аудандық партия комитетінің басшылығымен әр ауылдың басшылары баспасөзге уақтылы әрі тұрақты жазылуға үндейтін. Қазіргі кезде халықты, мұғалімдерді баспасөзге жазы-луға міндеттеуге құқы жоқ деген желеумен, тіпті өздеріне аудан жаңалығы, елде не болып жатқанын біліп тұратын аудандық «Еңбекшіқазақ» газетіне жазылудан бас тартқандарына қайран қалдым. Көп болса, бір жылға бес мың теңгесін қимағаны ма?!  Бұл газетке ауданның басқа ұлт өкілдері де жазылуы керек деп ойлаймын. Өйткені, осы жерде өмір сүріп, нанын жеп, суын ішіп, бақытты өмір сүріп жүрген соң, жан дүниемізді де байытуымыз керек-ақ. Мен сияқты зейнеткерлер де жазылып, жастарға үлгі көрсетсе, абзал болар еді. Биыл аудандық газетке тіптен аз жазылғанын естіп, келер он айға болса да, жазылуды ұйғардым. Газетке жазылайық, халайық!

Аркен ХАСАНОВ,

Қайрат ауылының тұрғыны. Асы округі.

Оқылды 2295 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Ел боламын десең, бесігіңді түзе 8 қырдың мәні »

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет