Жұма, 22 Сәуір 2022 16:35

Мың айдан да қайырлы

Әлемдерді жаратқан Алла Тағалаға сансыз мадақ, адамзаттың асылы Мұхаммед Пайғамбарымызға көптеген салауат пен сәлем болсын! Міне, Аллаға шүкір, Қасиетті Рамазан айының соңғы он күндігіне де аман-есен жетіп отырмыз. Жаратқан Алла ұстаған оразаларымызды, дұға-тілектерімізді қабыл еткей! Алла Тағала пенделеріне кейбір күндер мен түндерді қасиетті етіп берген. Айталық, қасиетті ай бар. Ол – Рамазан айы. Қасиетті күн бар. Ол – жұма күні, Қасиетті уақыт бар – Арафа күні. Ол – дұға қабыл болатын сәт. Қасиетті түн бар. Ол – мың айдан да қайырлы Қадір түні. Міне, біз сөз еткелі отырған Қадір түні – басқа түндермен салыстырғанда ерекше түн. 

Қадір түні (араб لَيْلَةِ الْقَدْرِ‎ – Ләйләт-ул-Қадір) – қасиетті түн дегенді білдіреді. Ораза (Рамазан) айының соңғы он күнінің бірінде болады. Бұл түн туралы Құран Кәрімнің «Қадір» сүресінде айтылған. Бес аяттан тұратын сүреде Құранның Қадір түнінде түсірілгендігі, оның мың айдан қайырлы екендігі, бұл түнде Жәбірейіл періште Алла әмірімен жер бетіне түсіп, адамдарға қызмет ететіндігі және таңға дейін тыныштық болатындығы айтылады. Қадір түні періштелер мұсылмандарға дұға оқып, тілеулес болады. Жасалған ғибадаттың мың айға, яғни сексен үш жылға тең болатындығына байланысты мұсылмандар Қадір түнін құлшылықпен өткізуге тырысады. Кейбір риуаяттарға қарағанда Қадір түні Рамазан айының 27-ші түні, дегенмен, Қадір түнінің дәл қай түн екені белгісіз. Сондықтан тақуа кісілер Ораза айының соңғы он түнін түгелдей құлшылықпен өткізеді. Себебі  Әбуһұрайрадан (Алла оған разы болсын) жеткен хадисте Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Түсімде Қадір түні маған білдірілді. Бірақ жақындарымның біреуі мені оятқанда, әлгі уақытты сол мезет ұмытып қалдым. Оны Рамазан айының соңғы он күнінен іздеңдер», – деген  Сондықтан қадір түнін Рамазанның соңы күндерінің тақ түндері яғни 21, 23, 25, 27, 29-ындағы түндерден ідеген дұрыс. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Расында, сендерге бұл (Рамазан) айы келді! Онда мың айдан да қайырлы бір түн бар. Кім ол түні бейқамдық танытса, оның (Қадір түнінің) барлық игілігінен құр қалады. Ал оның барлық игілігінен тек бейғам адам ғана айырылып қалады!» – деген (ибн Мәжа). Хадисте айтылғандай бұл түндерді босқа өткізіп алу өкінішті іс. Мың ай дегеніміз орта есеппен 83 жыл. Алла Тағала адам баласының өмірін әркелкі етіп жаратқан. Кейбір кісілер көп жасап, жүзге жетсе, кейбірі жастайынан өмірден озып жатады. Сол секілді кейде бір адамдар ғұмырын жақсылықпен өткізіп жатса, кейбіреулер оған жете алмауы да мүмкін.

Мұнымен қоса Қадір түнінің Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) біздердей үмметіне берілуінің де өзіндік үлкен сыры бар. Айталық, бұрынғы адамдар көп жыл ғұмыр кешкен. Тіпті, кей пайғамбарлар және олардың қауымдары 900 жылға дейін өмір сүрген. Бір күні Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Исрайл ұрпақтарының ішінде Аюб, Зәкәрия, Хазқил ибн Ажуз және Иуша ибн Нұн атты төрт адамның Аллаға сексен жыл тоқтаусыз ғибадат жасағандығын айтады. Оны естіп отырған сахабалар таңдай қағысады. Осы сәтте, Жебірейіл періште Пайғамбарымызға келіп: «Уа, Мұхаммед! Үмметің әлгілердің сексен жыл құлшылық жасағандарына таңданысып жатыр ма? Алла үмметіңе одан да қайырлысын нәсіп етті» деп «Расында, Біз (Құранды) Қадір түні түсірдік.  Қадыр түнінің не екенін білесің бе? Қадыр түні – мың айдан да қайырлы» деген аятты оқиды. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) аталмыш аятты сахабаларға оқып берген кезде олардың қуанышында шек болмайды».

Сондықтан, сауап амалдарымыздың осындай дәрежеде еселенетініне және Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) үмметі болғанымызға шүкірлік етуіміз керек. Осылайша бір түнде атқаратын ізгі амалдарымыздың сауабы сексен жылдан артық сауапқа жазылады. Алла баршамызды өз рахметіне алып, рамазан айы бойы жасаған тағат ғибадаттарымызды қабыл етсін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, береке-бірлігіміз мықты болып, көк туымыз көгімізде желбірей берсін!

Сапархан қажы АЙДАРХАНҰЛЫ,

Еңбекшіқазақ ауданының бас имамы.

Оқылды 9809 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет