Сенбі, 27 Тамыз 2022 15:05

Ізгі ұрпақ тәрбиесі

Иманы жарқыраған ұрпақ өсірсек, халқымыздың да дидары жарқын болмақ. Шариғаттың қастерлі таза жолына түскен жастарымыздың болашағы жаман болмасы белгілі. Осы орайда Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының тапсырмасымен «Имани жаз-2022» жазғы сауат ашу курсы бастау алған болатын.

Аталмыш тапсырма бойынша, Еңбекшіқазақ ауданына қарасты 62 мешітте «Имани жаз-2022» сауат ашу лагерлері өз жұмыстарын орындады. Бір айлық кейбір мешіттерде екі айға созылған жазғы лагерде жас ұрпаққа рухани азық алатын, жан дүниесін байытатын тәлім тәрбие беру жұмыстары жоспарға сәйкес жүзеге асты. Әр мешітте 60-70-ке жуық жеткіншектер тәлім алды. Оларға ислам әдебі, Пайғамбарлар қиссалары, сира, ата-ананы құрметтеу, Отанға деген сүйіспеншілік, салт-дәстүріміздің маңыздылығы сияқты тәлімі мінсіз қасиеттер үйретіліп, Құран әліппесі, имандылық негіздері және тағы басқа дәрістер өтті. Аталған жобаның жазғы демалыста баланың уақытын тиімді, пайдалы әрі қызықты өткізуге ықпалы зор. Оқу курсы аяқталар тұста салтанатты іс-шаралар өткізіліп, біршама мешіттерде құран оқу жарыстары ұйымдастырылып жатты. Намаздағы сүрелерді, дұғаларды, Алланың көркем есімдерін, мұсылманға міндет қырық парызды жаттаудан сынға түсіп, жүлделі болған шәкірттер де аз болған жоқ. Сондай-ақ жазғы сауат ашу курсын тәмамдаған балаларға арнайы мақтау қағазы мен бағалы сыйлықтар табысталды. Ата-аналар балаларының қысқа мерзімде «Имани жаз» курсынан, өмір жолдарына шырақ етіп қолданатын мол тәлім-тәрбие алғанына разы болып, ҚМДБ-на, имамдарға, ұстаздарға және де үлес қосқан жомарт жандарға алғыстарын жаудырды. Осы орайда Еңбекшіқазақ ауданының бас имамы Сапархан Айдарханұлы ауданға қарасты барлық мешіттердің атсалысуын жіті қадағалап, қорытындылау кештерінің барлығына қатысып, оң бағасын берді. Бас имамымыз өз сөзінде:

– Дана халқымыз «Жаста берген тәрбие жас шыбықты игендей» деп тоғыз ай құрсақта жатқан сәбиді шілдеханамен қарсы алып, азан шақырып ат қойып, тербелген тал бесікке салған. Бесік жырымен әлдилеп, алақанға салып аялаған, тәрбиесіне жауапкершілікпен қарап, бойына жақсы қасиеттер сіңіруге тырысқан. Әрбір ұлт, мұсылман халқы, қазақ халқы ұрпағымен мың жасайтынын жақсы білген. Жасөспірім бүлдіршіндеріміз тап-таза ақ парақ секілді, оған не жазылатыны, қалай жазылатыны ата-анасына және сіз бен бізге байланысты. Сол себепті ұрпақ тәрбиесі қай кезде де ең өзекті тақырып. Сондықтан да осындай тағылымы мол игі іс-шараларды қолға алып, ұрпағымыздың саналы болып өсуіне, тұлға болып қалыптасуына себепші болғандарға алғысымыз шексіз. Алла Тағала елімізге, халқымызға, дінімізге қызмет қылатын ізгі ұрпақ нәсіп етсін. Ел болашағы әр азаматтың қолында, – деп тілегін білдірді.

Ринат НАРХАНОВ.

Оқылды 7931 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Мың айдан да қайырлы Экстремизм – ең қауіпті бүлік »

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет